Оқиғалар«Ерлер ел ішінде»: жасыл технологиялар және донор-қаһармандар

«Ерлер ел ішінде»: жасыл технологиялар және донор-қаһармандар

Қалың бұқарадан еш айырмасы жоқ адамдар, бірақ қаһармандар. Олар арамызда жүр. Сонау Худжантта да, мына Шымкентте де бар. Көршілеріне көмектеседі, мүгедектерге жәрдем етеді, қан тапсырады. Сіздің назарға – «Ерлер ел ішінде» бағдарламасының жаңа шығарылымын ұсынамыз.

Теміртау. Шолпанай Тұрдышева: «Күллі әлем жасылға айналғанын қалаймын»

Теміртаулық Шолпанай Тұрдышеваның хикаясы – адам күш-жігері айнала қоршаған ортасын өзгерте алатына дәлел. Шолпанай жылыжай жасап, өз ауылшаруашылық кооперативін құрған. Қазір мұнда 20 әйел еңбек етеді. Шолпанайдың келесі мақсаты – жасыл технологиялар мектебін ашу.

Худжант. «Назари дигар» – «Басқа көзқарас» қоғамдық қозғалысы 

Худжантта алғаш рет Даун синдромымен ауыратын балалар өзі сияқты құрбы-құрдастарымен алғаш кездесті. Бұл – арт-терапия сабағы. Бояулар, қарандаштар және ермексаз – іштегі жасырынған қабілеттерін ашуға ең қажет құралдар. Тахмина Хакимова Соғды облысындағы туған қаласында «Назари дигар» – «Басқа көзқарас» қоғамдық қозғалысын құрды.

Қостанай. Донорлар – батырлар

Биыл Қостанай облысының қан орталығында донорлардың 100 пайыз тегін қан тапсыруы тіркелді. Бұл қоғамдағы моралды ахуалдың көрсеткіші. Адамдар танысын-танымасын бір-біріне көмектесуі тиіс. Адам қайырымды іс жасағанда, өмірге басқаша қарай бастайды. Өзі де мейірім тұнған жанға айналады.

Шымкент. Иван Лунин. Бақытты өмірге қалай жетеді?

Қызық істерге толы, спортты серік еткен, жақындарымен жақсы қарым-қатынас түзген бақытты өмір сүру үшін алға мақсат қойып, соған жетудің мүмкіндіктерін іздестіру қажет. Шымкенттегі мүгедек адамдардың хикаясы – қандай қиын жағдайда тығырықтан шығар жолды таба білудің айқын мысалы.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи