БайқауларМедиақұқық бойынша тегін онлайн-курс: іріктеу басталды

Медиақұқық бойынша тегін онлайн-курс: іріктеу басталды

Internews медиақұқық бойынша жабық онлайн-курсқа қатысушыларды іріктеуді бастады. Курс заң факультеттері мен магистратура түлектеріне және медиасарапшыларға арналған. Іріктеуден өткендерге оқу тегін. Өтінімдер 2026 жылғы 31 шілдеге дейін қабылданады.

Курс қандай тақырыптарды қамтиды?

  • пікір білдіру еркіндігі
  • БАҚ пен журналистердің құқықтық мәртебесі
  • ақпаратқа қолжетімділік
  • медиаконтент үшін жауапкершілік
  • жеке өмір мен дербес деректерді қорғау
  • авторлық құқық
  • әлеуметтік желілер мен блогерлерді реттеу
  • онлайн-жарнама
  • жасанды интеллект (ЖИ) және сезімтал тақырыптарды жариялау

Практикалық дағдыға ерекше назар аударылады: жарияланымды құқықтық тұрғыдан тексеру, сотқа дейінгі талаптармен жұмыс, журналистер мен редакцияларды қорғау, цифрлық дәлелдемелерді тіркеу, мемлекеттік органдармен және онлайн-платформалармен жұмыс. Курс соңында әр қатысушы онлайн-тест тапсыра алады.

Оқу қалай өтеді?

Сабақтар Zoom-да онлайн өтеді. Курс шілденің аяғы — тамыздың басында басталады. Курсқа тек іріктеуден өткендер қатысады.

Курсты кім жүргізеді?

Ольга Диденко — Internews заңгері; медиақұқық, пікір білдіру еркіндігі, адам құқықтары, цифрлық реттеу және құқық үстемдігі саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар консультант әрі тренер. Халықаралық ұйымдарға, медиа мен қоғамдық ұйымдарға кеңес берген, аналитикалық материалдар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеген, журналистерге, редакторларға, заңгерлерге және азаматтық қоғам өкілдеріне тренинг өткізген. БАҚ пен онлайн-платформаларды құқықтық реттеу, ақпаратқа қолжетімділік, журналистерді қорғау, контент үшін жауапкершілік, авторлық құқық, дербес деректер және медиадағы ЖИ мәселелеріне маманданған.

Курс не береді?

Курсты аяқтап, онлайн-тесті сәтті тапсырғандар сертификат алады. Сертификат кәсіби мүмкіндікті кеңейтіп, Қазақстандағы медиа ұйымдарымен ынтымақтастыққа жол ашады.

Қалай қатысамын?

Сауалнаманы толтырыңыз:

Өтінім қабылдау мерзімі — 2026 жылғы 31 шілде.

Іріктеуден өткен үміткерлерге курстың нақты басталу күнін жеке хабарлаймыз.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи