Құрметті достар және жазылушылар!
Бізде жаңалық бар. Бұл сайт жұмысын тоқтатады. Осы сәттен бастап мұнда жаңа ақпарат жарияланбайды. Сегізінші қазаннан бастап сайт қолжетімді болмайды.
Неліктен:
Internews үш ұйымнан құралған альянс болатын: Internews Network (АҚШ), Internews Europe (Ұлыбритания) және Internews International (Франция). Біз Internewsатауымен біртұтас команда ретінде жұмыс істеп келгенбіз. 2026 жылдың 30 қыркүйек күні бұл альянс ресми түрде өз қызметін тоқтатты. Internews Network өз жұмысын Internewsбрендімен жалғастырады. Ал Internews Europe және Internews International ұйымдары Informed брендімен жұмыс істейтін болады.
Бұл нені білдіреді:
Internews Network және Informed сапалы журналистиканы дамытуға адал болып қала береді және өз қызметтерін жалғастырады. Біздің миссиямыз бен құндылықтарымыз өзгермейді. Internews қызметі туралы ақпаратты мына сайттан оқи аласыз: Internews.org. Informedқызметі туралы ақпаратты мына сайттан біле аласыз: InformedStories.org.
Көп жыл бойы әлеуметтік желідегі платформаларымыздың аясында журналистер, медиа мамандар, серіктестер және бейжай емес жастар шоғырланып, үлкен орта қалыптасып үлгерді.
Әрқайсыңызға бізге сенім артып, қолдау беріп, жобаларымызға қызығушылық танытып, пікірталасқа араласып, медиа ортаны жақсартуға қосқан үлесіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз.
Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет.
Жақын арада қайта кездескенше!
Internews


