Құқықтық медиаортаны жақсартуға арналған гранттар байқауы

0
569
правовая медиасреда

Internews халықаралық ұйымы MediaCAMP бағдарламасы аясында «Қазақстанда медиаға арналған құқықтық ортаны жақсарту» гранттық байқауын жариялайды.

Біз қазақстандық медианың қауіпсіз құқықтық ортада жұмыс істеуіне, оқырмандар мен көрермендер өздеріне пайдалы ақпарат алу үшін веб-парақшаларын ашып,  теледидар экрандарын рақаттана қосатындай  қызықты және маңызды контентті жасаумен айналысуына ұмтылудамыз.

Біз, мұндай ортаны дамытуды қолдай отырып,  пікірін білдіру бостандығы, сөз бостандығы және ақпаратқа қол жеткізу құқығын қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс істейтін қазақстандық қоғамдық ұйымдарға арналған гранттар байқауын жариялаймыз.

Егер сізде ұсыныстар мен тәжірибе болса, сізді байқауға қатысуға шақырамыз.

Біздің серіктеске ұсынатынымыз:

  • Медиақұқық және оны қолдану сұрағы бойынша мамандандырылғысы келетін медиазаңгерлер мен заң факультеттерінің студенттерін тұрақты түрде оқытуды жүргізу.
  • Заңдар мен заңға тәуелді актілерді жетілдіру үшін ұсынымдар мен құқықтық нормаларды әзірлеу, оларды Қазақстанның құқықтық ортасына жылжыту.
  • Журналистер мен БАҚ редакцияларына ақпаратқа қол жеткізу және оларды тарату құқығын қорғау саласында үнемі консультативтік көмек көрсету.

Қалай өтінім беруге болады?
Жобаның жобалық өтінімі мен бюджетінің нысандарын мына сілтеме арқылы қараңыз.
Толтырылған нысандарды 2019 жылғы 20 қарашаға дейін, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 24.00-ге дейін мына [email protected] мекенжайға жолдаңыз. 

Жеңімпаздарды іріктеу жөніндегі сараптамалық кеңес құрамына медиақұқық саласындағы тәуелсіз қазақстандық және халықаралық мамандар кіреді. Біз 2019 жылғы 25 қарашасына дейін жобаларды қолдау туралы шешім қабылдаймыз. Жеңімпаздарға 2019 жылғы 1 желтоқсанынан кешіктірмей электрондық пошта арқылы хабарланатын болады.

Қажет болған жағдайда өтініш берушілерден қосымша ақпарат сұраймыз. Өтінімдерге рецензия жазылмайды және қайтарылмайды.

Барлық сұрақтар бойынша [email protected] электронды поштасына хабарласыңыздар.

Бұл жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азиялық медиабағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.