Журналистика дағдыларына баулитын тренинг ұйымдастыруға байқау

0
584
грант на тренинг

Internews MediaCAMP бағдарламасы аясында жас журналистерге арналған журналистиканың негізгі дағдылары бойынша тренинг ұйымдастыру үшін серіктестік іздейтінін хабарлайды. 

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні – 2019 жылғы 20 желтоқсан.

Серіктестікке медиа-білім беру саласында 1 жылдан кем емес тәжірибесі бар коммерциялық емес және коммерциялық медиа ұйымдар шақырылады.

Тренинг қазақ және орыс тілдерінде, офлайн форматында, 4 жұмыс күні ішінде өткізілуі және Қазақстанның әр түрлі қалаларынан кем дегенде 30 журналист оқытылуы қажет. Ұйымдастырушы қазақ және орыс тілдерінде – екі тренинг – немесе синхронды тіл аудармасымен жалпы бір тренинг өткізу қажеттігін өзі шешеді.

Бағдарлама келесі тақырыптарды қамтуы қажет: ақпараттық журналистиканың жанрлары, тақырыпты таңдау және ақпаратты іздеу, материалдар шығару құрылымы мен мультимедиалық құралдары, журналистиканың этикалық қағидалары. Қатысушыларды іріктеуде редакцияда да, тәуелсіз автор ретінде де жұмыс істей алатын жас журналистерге артықшылық берілуі тиіс, сондай-ақ қатысушылардың гендерлік теңгерімі сақталуы қажет.

Өтініш беруші төмендегілерді ұсынуы қажет:

– алдын-ала тренинг бағдарламасы;

– әртүрлі оқыту форматтары;

– құзыреттіліктері мен тәжірибелері сипатталған тренерлер тізімі;

– қатысушыларды шақыру және таңдау әдістері;

– тренингтен кейінгі қолдау форматы;

– тренингтің/тренингтердің алдын-ала бюджеті.

Тренинг 2020 жылғы ақпан айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2019 жылғы 20 желтоқсан.

Конкурс жеңімпаздарын анықтау екі кезеңнен тұрады:

1) өтініш берушілердің әлеуетін, медиа нарығының қажеттіліктерін түсінуін, ұсыныстарының инновациялылығын бағалау . Байқауға қатысушылардың қысқаша тізімі анықталады

2) қысқа тізімге енгізілген өтініш берушілермен жоба бюджеті бірлесіп бағаланады, сондай-ақ тренинг бағдарламасы бойынша сұхбат өткізіледі.

Internews соңғы шешімді 2019 жылғы 30 желтоқсанға дейін қабылдайды.

Өтінім беру үшін онлайн-форманы толтыруыңызды өтінеміз.

Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұраймыз.

Барлық сұрақ бойынша [email protected] электрондық мекенжайына хабарласыңыз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP медиабағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.