Жаңа форматтағы медиалар мен жастар медиасына арналған акселератор

0
835

Internews Қазақстан өкілдігі MediaCAMP бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын медиа акселераторға қатысуға байқау жариялайды. Байқауға өтініш берудің соңғы күні – 20 қаңтар 2020 жыл.

MEDIA ACCELERATOR – жастар медиасы мен жаңа форматтағы медиаларға білім беретін онлайн-алаңша. Бұған барлығы 6 команда қатысады. Командалардың 3-і Қазақстаннан, тағы 3-і Тәжікстаннан болады. Барлық қатысушы команданы ашық байқау арқылы таңдайды.

Байқауға жұмыс істеп жатқан медиажобалар да, прототиптері мен медиажоба идеялары да қатыса алады.

Жақында ашылған медиажобаларды, жастар медиасын, әлеуметтік сервис платформаларын қолданатын жаңа форматтағы медиаларды, мобайл қосымшалар мен чат-бот жасаушыларын байқауға өтініш жіберуге шақырамыз. Сондай-ақ, медиастартапы бар, бірақ неден бастау керегін немесе іске қосуға арналған ресурс таппай жүрген командалар да өтініш бере алады.

Internews жеңімпаздарды таңдау барысында редакцияның күн тәртібіндегі әлеуметтік мәселелерге, жастар, әйелдер мен қоғамның әлсіз топтарының құқықтарына бағытталғанына назар аударады.

Акселератор 2020 жылдың ақпанына бастап қыркүйегіне дейін жұмыс істейді және мынадай кезеңдерден тұрады:

ОҚЫТУ

Байқауда жеңіске жеткен 6 команда контент-жоспар, қаржылай тұрақтылық және стратегиялық даму бойынша оқиды. Оқыту 5 ай көлемінде апта сайын өтеді. Бұған оқытудан бөлек, үй тапсырмасын орындау, оны тексеру және топтық дискуссиялар да енеді.

Жаңа жобалардың акселерациясына маманданған ұйым, Қазақстан, Тәжікстан және шетелдік сарапшылардың қатысуымен оқытады.

ГРАНТТАР

Оқыту аяқталған соң ең озық 2 медианы таңдайды. Оның біреуі – қазақстандық, ендібіреуі – тәжікстандық медиа болады. Internews жеңімпаздар екі медианың дамуына жұмсалатын грант береді.

ТӘЛІМГЕРЛЕР

Жеңімпаз-редакциялар оқытудан кейін тағы 4 ай бойына тәлімгерлердің қолдауына ие болады. Тәлімгерлер стартаптарды мейлінше жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін грант қаржысын қалай инвестициялау жөнінде кеңес береді.

Жеңімпаздарды іріктеу екі кезеңнен тұрады:
1) өтініш берушілердің потенциалын бағалау және ұсыныстарының инновациялық мәнге ие болуы;
2) Қысқа тізімге ілінген өтініш берушілермен әңгімелесу;

Өтініш берудің соңғы күні – 20 қаңтар 2020 жыл
Internews соңғы шешімді 2020 жылдың 1 ақпанына дейін шығарады.

Өтініш беру үшін онлайн-форманы толтырыңыз.

Қандай да бір сұрақ туындаса, мына электронды поштаға хат жазыңыз: [email protected]

Жоба АҚШ Халықаралық даму Агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде жүзеге аспақ.