Transparency Kazakhstan ұйымы зерттеу журналистикасы мектебіне қабылдау басталғанын хабарлайды.
Қатысушылар халықаралық тәжірибе, зерттеу журналистикасы жанрының ерекшеліктері мен артықшылықтары, табысты кейстер, сондай-ақ көлемді деректермен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдылар, мәліметтерді талдау және визуализацияға ақпарат іздеу, сторителлинг, презентация туралы оқып-үйренеді.
Зерттеу журналистикасы мектебінің сессиялары:
- Журналистік зерттеу дегеніміз не?
- Халықаралық зерттеу журналистеріне шолу
- Зерттеуді жоспарлау
- Журналист жұмысындағы заң аясында кездеспейтін қиындықтар
- Жемқорлық тақырыбындағы журналистік зерттеу
- Зерттеуші журналист жұмысындағы этика стандарттары
- Osint – журналистік зерттеуге арналған ашық құралдары
- Ақпаратты жинау әдістері: құжаттарды іздеу және талдау
- Ақпаратты жинау әдістері: компания мен адамдар туралы ақпарат іздеу
- Ақпаратты жинау әдістері: халықаралық деректер базасынан іздеу
- Бақылауды ақпаратты жинау әдісі ретінде қарастыру
- Адамдарды ақпарат көзі ретінде қарастыру
- Зерттеу журналистикасындағы сұхбат
Жасырыну - Ақпаратты жүйелеу және талдау
- Сторителлинг
Мектеп оқытушылары:
Олег Хоменюк (Украина) – Зерттеу журналистері жаһандық желісі Директорлар кеңесінің мүшесі, «Интерньюз» медиа мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі, журналистиканы оқыту мен зерттеу жүргізуде 25 жылдан астам тәжірибесі бар.
Максим Опанасенко (Украина) — «Наші гроші з Денис Бігусом» телебағдарламасының редакторы, түрлі тележобаларда зерттеу журналистикасы бойынша 10 жылдан астам тәжірибесі бар.
Владимир Тхорик (Молдова) – журналист, rise Moldova баспа қауіпсіздігі мен репортер-зерттеу журналистері қауымдастығының орыс тіліндегі бөлім редакторы, Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының мүшесі (OCCRP).
Мария Землянская ( Украина) — «Наши деньги з Денис Бигусом» телебағдарламасының және Bihus.Info. жобасының журналисі. Журналистік зерттеу саласында 10 жыл тәжірибесі бар.
Зерттеу журналистикасы мектебінің аудиториясы: республикалық және аймақтық БАҚ тілшілері.
Қатысу: тегін. Ұшып келу-кету және жатын орын шығындарын ұйымдастырушылар өтейді. Сол үшін өтінішті толтыру қажет. Орын саны шектеулі.
Форматы: әлемнің жетекші журналистерімен бес күндік интерактив тренинг.
Мектеп түлектері оқу нәтижесінде менторлар қолдауына сүйеніп, журналистік зерттеулер жүргізеді.
Оқыту тілі: орысша. Жеке журналистік зерттеулерді қазақ және орыс тілдерінде жүргізуге болады.
Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтыру қажет. Өтініштер 2020 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады. Оқу сессиялары қашан өтетінін тағы хабардар етеді.
Конкурс нәтижесін 31 наурызда e-mail арқылы хабарлайды. Сондай-ақ Internews және Transparency Kazakhstan ұйымдарының әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.
Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржылай қолдауымен Internews Kazakhstan жүзеге асырып отырған Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында іске аспақ.