Transparency Kazakhstan зерттеу журналистикасы мектебіне қабылдау басталды

0
4595

Transparency Kazakhstan ұйымы зерттеу журналистикасы мектебіне қабылдау басталғанын хабарлайды.

Қатысушылар халықаралық тәжірибе, зерттеу журналистикасы жанрының ерекшеліктері мен артықшылықтары, табысты кейстер, сондай-ақ көлемді деректермен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдылар, мәліметтерді талдау және визуализацияға ақпарат іздеу, сторителлинг, презентация туралы оқып-үйренеді.

Зерттеу журналистикасы мектебінің сессиялары:

  • Журналистік зерттеу дегеніміз не?
  • Халықаралық зерттеу журналистеріне шолу
  • Зерттеуді жоспарлау
  • Журналист жұмысындағы заң аясында кездеспейтін қиындықтар
  • Жемқорлық тақырыбындағы журналистік зерттеу
  • Зерттеуші журналист жұмысындағы этика стандарттары
  • Osint – журналистік зерттеуге арналған ашық құралдары
  • Ақпаратты жинау әдістері: құжаттарды іздеу және талдау
  • Ақпаратты жинау әдістері: компания мен адамдар туралы ақпарат іздеу
  • Ақпаратты жинау әдістері: халықаралық деректер базасынан іздеу
  • Бақылауды ақпаратты жинау әдісі ретінде қарастыру
  • Адамдарды ақпарат көзі ретінде қарастыру
  • Зерттеу журналистикасындағы сұхбат
    Жасырыну
  • Ақпаратты жүйелеу және талдау
  • Сторителлинг

Мектеп оқытушылары:

Олег Хоменюк (Украина) – Зерттеу журналистері жаһандық желісі Директорлар кеңесінің мүшесі, «Интерньюз» медиа мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі, журналистиканы оқыту мен зерттеу жүргізуде 25 жылдан астам тәжірибесі бар.

Максим Опанасенко (Украина) – «Наші гроші з Денис Бігусом» телебағдарламасының редакторы, түрлі тележобаларда зерттеу журналистикасы бойынша 10 жылдан астам тәжірибесі бар.

Владимир Тхорик (Молдова) – журналист, rise Moldova баспа қауіпсіздігі мен репортер-зерттеу журналистері қауымдастығының орыс тіліндегі бөлім редакторы, Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының мүшесі (OCCRP).

Мария Землянская ( Украина) – «Наши деньги з Денис Бигусом» телебағдарламасының және Bihus.Info. жобасының журналисі. Журналистік зерттеу саласында 10 жыл тәжірибесі бар.

Зерттеу журналистикасы мектебінің аудиториясы: республикалық және аймақтық БАҚ тілшілері.

Қатысу: тегін. Ұшып келу-кету және жатын орын шығындарын ұйымдастырушылар өтейді. Сол үшін өтінішті толтыру қажет. Орын саны шектеулі.

Форматы: әлемнің жетекші журналистерімен бес күндік интерактив тренинг.

Мектеп түлектері оқу нәтижесінде менторлар қолдауына сүйеніп, журналистік зерттеулер жүргізеді.

Оқыту тілі: орысша. Жеке журналистік зерттеулерді қазақ және орыс тілдерінде жүргізуге болады.

Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтыру қажет. Өтініштер 2020 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады. Оқу сессиялары қашан өтетінін тағы хабардар етеді.

Конкурс нәтижесін 31 наурызда e-mail арқылы хабарлайды. Сондай-ақ Internews және Transparency Kazakhstan ұйымдарының әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржылай қолдауымен Internews Kazakhstan жүзеге асырып отырған Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында іске аспақ.