ОқиғаларInternews үйден жұмыс істеп жатыр

Internews үйден жұмыс істеп жатыр

Бүгін Қазақстандағы Internews өкілдігінің жұмыс жоспарында: екі виртуал дискуссия, «Азаматтық журналистер» жобасын бойынша вебинар, грант алушылармен келісім-шарт жасасу, аймақтағы медиаға заңдық және іскерлік тұрғыдан кеңес беру бар.

– Әр елдегі Internews өкілдіктерінің қашықтан жұмыс істеу тәжірибесі бар. Корпоративті коммуникацияда Microsoft Teams қызметін көптен бері қолданамыз. Орталық Азия медимамандарына вебинарлар өткізу тәжірибеміз бар. Біздің жұмысқа карантин әсерін серіктестеріміз сезінбес үшін осыған дейін жинаған барлық тәжірибе, әдіс-тәсілімізді қолданып жатырмыз,-дейді Internews Орталық Азия жетекшісі Марат Бигалиев.

Қазақстандағы Internews өкілдігіндегі «Медиасауат» бағытының жетекшісі Гүлнар Асанбаева серіктестерінің курстары мен оқу бағдарламасын онлайнға ауыстыруына көмектесіп жатыр.

Онлайн оқу және онлайн оқыту бойынша алғашқы вебинарымызды өткіздік. Сарапшымыз Рустам Гулов оқыту әдістемесі бойынша кеңестер мен қажет сервистер туралы жинақ әзірлеген. Онлайн оқыту бәрін алаңдатып отыр. Сондықтан да барлық сұраққа мейлінше толымды жауап беруге тырысып жатырмыз,-дейді Гүлнар Асанбаева.

«Азаматтық журналистер» жобасында (таңдалған редакциялар аймақтардағы әуесқой авторлармен байланыс орнатып, жұмыс істейді) барлық қарым-қатынас бұған дейін де онлайн боп келген. Осы аптада «халық тілшілері» фотовидеоны онлайн түсіруді үйренді. «Азаматтық журналистер» бағытына Анна Сухачева жетекшілік етеді.

– Күн сайын WhatsApp мессенджерінде үлкен виртуал лездеме өтеді. Адамдар карантин кезінде қалай өмір сүріп жатыр, оларды не мазалайды? Кәсіби журналистерге соның барлығын чатта көруіне бірегей мүмкіндік. Біз күтпеген оң әсерлер де бар. Мәселен, Петропавлдегі халық тілшісі оқу орталығы жұмысын онлайнға ауыстырғанын жазды. Редакция осы жарнама материалды жариялап, ақша да тапты,-дейді Анна Сухачева.

– Контент өндірісіне грант алған командалар түсірілім жасау барысында қиындыққа тап болды. Командалардың кейбірі материал тақырыбын қазіргі жағдайға бейімдеп, коронавируспен байланыстыра өзгертті. Мәселен, Balmuzdaq+ жобасы ДДСҰ-ы жариялаған Коронавирус туралы теріс түсініктерді қазақ тіліне аударды, карантин кезінде жастарға арналған пайдалы қосымшыларға шолу жасады. «Ата-ана сағаты» жобасы подкастілерінің бірін «Бала мен гаджеттер» тақырыбына арнады,-дейді Internews Қазақстан өкілдігінің гранттар жөніндегі үйлестірушісі Асхат Еркімбай.

2020 жылдың сәуір-мамыр айларында Қазақстандағы Internews өкілдігі қолдауымен білім бағытына арналған бес іс-шара өткізу жоспарланған еді.

– Қазір серіктестерімізбен бірігіп, жоспарланған іс-шараларды онлайн режимінде өткізуді ақылдасып жатырмыз. Мәселен, Teach&Share командасы білім тақырыбындағы шығармашылық зертханасын онлайн-форматқа бейімдеп жатыр. Украиналық медиамамандар спикер болады. Алайда олар елден шығып келе алмайды, біз қабылдай алмаймыз, сондықтан виртуалды шығармашылық жағдай жасаймыз,-дейді Internews білім бағытының кураторы Ирина Медникова.

Тергеу журналистикасы мектебі де форматын өзгертеді. Бұл мектепті ұйымдастырушы ретінде Transparency Kazakhstan қоры конкурс негізінде таңдалған.

– Тергеу журналистикасы мектебіне қатысуға 158 өтініш келіп түсті. Бұл рекорд көрсеткіш. Қазір қатысушыларды іріктеп жатыр. Өтетін уақытын жақында хабарлаймыз,-дейді Internews заңгері Ольга Диденко. Ол осы бағытқа жетекшілік етеді. Қазір Ольганың жұмысы көп. Ол журналистерге Төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істеу керек екені туралы заңдық кеңес береді. Заңкөмек айдарында сұрақ қоюға болады.

– Коронавирус пен төтенше жағдай енгізілуіне байланысты медиада туындаған жағдай, жарнама бюджеттеріне өзгеріс, тарата алмағандықтан газеттер шықпауы, мұның барлығы жұмыс барысындағы қарым-қатынасты өзгертіп қана қоймай, ақыл-ойға да әсер етіп жатыр. Оңтайлы бизнес-жоба үлгілерін табу үшін MediaCAMP Business Lab аясында қазақстандық және ресейлік сарапшылармен жұмыс істеп жатырмыз. Аудиторияны көбейтіа, менеджерлерді, жарнама берушілерді, медиасарапшыларды диалогқа шақырғымыз келеді,-дейді Қазақстандағы Internews өкілдігінің стратегиялық даму жөніндегі менеджері Ержан Сүлейменов.

«.три.точки. Знай, что смотришь» жобасының командасы what the fact. деген жаңа өнімін онлайнға шығарды.

– «Бәрі де онлайн» тіркесі дәл бүгін өзекті боп тұр. Кез келген видеоның күндізгі қаралым саны өскен. Журналистер, сарапшылар, тақырыптық блоггерлер пәтерінен тікелей эфирге шығып жатыр. Біреулер осылайша негізгі ақпараттарды жеткізсе, тағы біреулер ақыл-кеңес айтады, және енді бірі қорқынышын, қобалжуын басуға тырысады. Несін жасырамыз, мазасызданып, тынышсызданып өмір сүреміз. Тікелей эфирлер ең басты медиа форматтардың біріне айналды. «Будет talk!» уеб-талқылауымызда осы форматты қолданып көрдік. Екі шығарылымнан кейін белгілі бір себептерге байланысты тікелей эфирдегі шоуымызды кейінге шегердік. Қазір сол кейіннің уақыты келді. Командамызда осы аралықта түрлі ойлар пайда болды: біз медиасауат, сыни пайым, фактчекинг туралы айтамыз, пандемия кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді жайлап алған фейктер туралы көбірек айтатын болдық. Уақыты келгенін түсіндік. Осы туралы аудиториямен тікелей эфирде талқылағамыз келді,-дейді «.три.точки. Знай, что смотришь» ақпараттық кампаниясының жетекшісі Гүлім Әмірханова.

Internews онлайн-менеджерлері, түрлі елдердегі серіктестер мен журналистер «Жаңа репортер» сайтында пандемия кезінде медиа тап келген проблемалар, оқу мен жұмысқа арналған шешімдер туралы айтады.

– Factcheck.kz, «.три.точки. Знай, что смотришь» фактчекинг ресурстарымен бірігіп, «Коронавирус, кет, кет, кет» арнайы жобасын жасадық. Орталық Азия мемлекеттеріндегі медиасыншылар медиадағы коронавирус туралы материалдарды қарап, талдайды. Бұл жұмысымыз журналистика оқытушыларына да, медиақауымдастыққа да, барлық көрерменіміз бен оқырманымызға пайдалы деп білемін,-дейді Internews Орталық Азия интернет-жобалар жетекшісі Ольга Каплина.

Карантин Internews жұмыс форматын өзгертті, алайда ұйым мақсаттары: тепе-тең ақпараттық ортаны дамыту, идеялар мен түрлі пікір алмасу ашықтығы, яғни қоғам өміріне белсенді қатысатын адамдар санын арттыруы бұрынғыдай өзгеріссіз қалды.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи