14 редакция пандемия кезеңінде грант алады

0
577
гранты медиа на COVID-19

“Ақпарат өмірді құтқарады” грант байқауының жеңімпаздары анықталды. Қазақстандағы Internews ұйымы COVID вирусы кезеңінде аса маңызды ақпарат тарататын 14 редакцияға қаржылай көмек көрсетеді. Журналистер адам өмірін қорғайтын, өзі, отбасы, жалпы қауым үшін қауіпсіз шешім қабылдауына септігі тиер медиа-материалдар дайындайды. Ақпарат мазмұны COVID вирусына қатысы болуы керек.

“Ақпарат өмірді құтқарады” грантын алатын БАҚ тізімі:

1. «Уральская неделя» газеті (Орал)
2. Lada.kz порталы (Маңғыстау облысы)
3. “Диапазон” газеті мен сайты (Ақтөбе)
4. Петропавловск.news ақпарат агенттігі (Петропавл)
5. “Ақ Жайық” газеті мен сайты (Атырау)
6. Malim.kz қоғамдық-саяси сайты
7. “Мой ГОРОД” газеті мен уеб-сайты (Батыс Қазақстан облысы)
8. “Наша Газета” апталығы (Қостанай)
9. Baribar.kz мультимедиалық контент дайындайтын көпсалалы портал
10. Араша ақпараттық-құқықтық сайт
11. ТДК-42 телеарнасы (Батыс Қазақстан облысы)
12. “Новое Телевидение” телеарнасы (Қарағанды)
13. “The Qazaq Times” медиа групп
14. “Мінбер” ақпарат агенттігі

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің “MediaCAMP — Орталық Азия” бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.

Фото – Anna Shvets