HomeГранттарҚазақстандағы Internews "Ақпарат өмірді құтқарады" грантын береді
ГранттарҚазақстандағы Internews "Ақпарат өмірді құтқарады" грантын береді

Қазақстандағы Internews «Ақпарат өмірді құтқарады» грантын береді

Internews ұйымы Қазақстанда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарына коронавирус туралы журналистік және ақпараттық жобалары үшін грант тағайындамақ.

Пандемия кезінде дәрігерлермен қатар медиа қызметкерлердің де жұмысы қиындады. Жаңа індет туралы қауесет, жалған ақпарат көбейіп, инфодемия кезеңінде журналистердің дұрыс ақпарат беруі аса өзекті болып отыр.

Қазақстандағы Internews ұйымы COVID вирусы кезеңінде аса маңызы ақпарат тарататын 14 редакцияға қаржылай көмек көрсетпек.

Бұл грант ақпаратты кез келген платформада (баспасөз, радио, телевидени, уеб-сайт, мобилді хабарламалар және әлеуметтік желілер) контент ұсынатын медиаға (мерзімді басылым, аудио және видео) арналған.

ГРАНТ МЫНАДАЙ ЖҰМЫСТАРҒА БЕРІЛЕДІ:

  • Адам өмірін қорғайтын, өзі, отбасы, жалпы қауым үшін қауіпсіз шешім қабылдауына септігі тиер ақпарат дайындау, жариялау және соны тарату. Ақпарат мазмұны COVID вирусына қатысы болуы керек;
  • Халықтың ең осал және маргинал топтары: босқындар, үйін тастап кетуге мәжбүр болған адамдар, ЛГБТ-қауым өкілдері, мүмкіндігі шектеулі жандар, ВИЧ-пен өмір сүретін адамдар, гендерлік зорлық-зомбылық құрбандарының қажеттілігін, үнін естіртетін ақпарат дайындау, шығару және соны тарату. Ақпарат мазмұны COVID вирусына қатысы болуы керек;
  • Үкімет және қызмет берушілер дағдарысты қалай еңсеріп жатқанын талдайтын материалдар мен репортаждар жасау. Контент мазмұны COVID вирусына қатысы болуы керек;
  • Коронавирус пандемиясы туралы инфографикалар, карталар, визуализация, онлайн-трансляциялар сияқты мультимедиа форматта контент жасау және сапалы ақпаратқа қауіпсіз қол жеткізіп, таратуға ықпал етер түрлі инновациялық бастамалар;
  • Фактілерді тексеру, қауесет, жалған ақпаратты анықтайтын, әшкерелейтін бастамалар;

ГРАНТ БЕРУ ШАРТТАРЫ

Грант көлемі: $3000.

Грант беру мерзімі: үш ай.

Грант алушы грант алғаннан кейін қаржы және бағдарламаны орындау есебін ұсынуы міндетті.

Грант алуға өтініш үшін онлайн-форманы толтырыңыз.

Өтініштер 2020 жылғы 15 мамырға дейін қабылданады.

Қазақстандағы Internews жюриі 15 мамырдан кейін бір апта ішінде өтініштерді қарастырады.
Қажет болса, қосымша ақпарат сұратуы мүмкін.

Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазыңыз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img