HomeБайқаулар«Сұхбат» тренингіне қатысуға өтініш қабылдау басталды
Байқаулар«Сұхбат» тренингіне қатысуға өтініш қабылдау басталды

«Сұхбат» тренингіне қатысуға өтініш қабылдау басталды

Қазақстандағы Internews өкілдігі 2020 жылдың 15-25 маусым күндері “Сұхбат” онлайн-тренингін өткізеді. Қатысушылар сауалнамадағы мәлімет пен авторлық материалдарына қарап іріктеледі.

Сұхбат – журналистиканың қиын да күрделі жанры. Бір қарағанда, сұхбат жасау оңай көрінеді: сұрақ қойып, жауабын жазып аласыз. Шын мәнінде, сапалы әрі мағыналы сұхбат жасау үшін мұқият дайындалу керек.

Тренерлеріміз қатысушыларды сұхбаттасудың қыр-сырына баулиды, сұхбат жанрының кәсіби ерекшеліктерін үйретеді.

Өтініш қабылдаудың соңғы күні: 29 мамыр, сағат 24:00-ге дейін.

Тренинг екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде (ілеспе аудармамен) өтеді.

Бұған дейін қазақ, орыс тілдерінде сұхбат жасап жүрген әрі шетелдік тренерлерді түсінуі үшін орыс тілін жеткілікті деңгейде білетін өтініш иелеріне басымдық беріледі.

Тренерлер:

Қасым Аманжол, қазақстандық журналист, репортер, Азаттық радиосының тв-продюсері. Бірнеше деректі фильмнің авторы, қауіп аймағынан хабар тарату маманы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклін жасаған.

Юлия Мучник, ресейлік журналист, Ресей телевидениесі академиясының мүшесі, «Интервьюер», «Ақпараттық-сараптамалық бағдарлама», «Апталық публицистикалық бағдарлама», «Апталық ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» номинациялары бойынша тоғыз рет ТЭФИ сыйлығын алған.

Тренинг бағдарламасының мазмұны:

  • Сұхбатқа қалай дайындаламыз?
  • Адам жауап бергісі келмесе, қалай сөйлетіп, қалай жауап аламыз?
  • Сұхбат берушіні қалай сөйлетеміз?
  • Жақсы және нашар сұрақтар
  • Интернетте жарияланатын сұхбат ерекшеліктері
  • Видеобайланыс барысында адамды қалай сөйлетеміз? (COVID-19 кезеңінде өте маңызды)

Тренинг 10 күн болады. Тренерлер үй тапсырмасын береді. Сондықтан қатысушылар тренингке күнделікті 2-3 сағат уақытын арнауы керек. Тренингке қатысу үшін интернеткі қосулы компьютер болуы қажет.

Тренингке қатысқыңыз келсе, 2020 жылдың 29 мамырына дейін онлайн-өтінішті толтырыңыз.

Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштасына жазыңыз.

Келіп түскен сауалдар мен олардың жауаптары пікір ретінде Internews.kz және Newreporter.org сайттарында жарияланып отырады.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img