БайқауларНұр-Сұлтанда тренерлерге арналған тренинг өтеді

Нұр-Сұлтанда тренерлерге арналған тренинг өтеді

«Мен – Медиа!» атты медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша тренерлерге арналған тренингке өтініш қабылдау басталды. Білім беру іс-шарасы 2020 жылдың 11-12 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Дедлайн — 15 маусым.

МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ-АДАМДАРҒА ОЛАРДЫҢ ҚАРАҒАН, КӨРГЕН, ОҚЫҒАНДАРЫНА, СҰРАҚТАР ҚОЮҒА, КҮМӘНДАНУҒА, ФЕЙКТІ АЖЫРАТУҒА, НАСИХАТТАУҒА, МАНИПУЛЯЦИЯЛАРҒА ТАЛДАУ ЖАСАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ДАҒДЫЛАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ.

Қазіргі таңда Қазақстанның білім беру мекемелері оқу және факультативтік бағдарламаларына медиасауаттылық бойынша сабақтарды көптеп қамтуда. Оқушылар мен студенттердің ақпаратты сыни талдау дағдыларын дамыту үшін алдымен оқытушылар өздері үйренуі тиіс. Оларға мұндай мүмкіндікті «Internews» гранттар байқауының жеңімпаздарының бірі «Выбирай.Астана.Қарағанды» журналы жасап отыр.

Байқауға жоғары оқу орындарының гуманитарлық мамандықтар бойынша оқытушылары, колледж және мектеп мұғалімдері, білім беру орталықтарының педагогтары, азаматтық белсенділер мен журналистер, медиатренерлер, жастарды және басқа да мақсатты топтарды медиасауаттылық негіздеріне оқытуға мүдделі азаматтар. Өтінімді Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Орал, Көкшетау, Жезқазған, Теміртау қалаларында қызмет істейтіндер бере алады. Қазақстан өңірлерінен іріктелген қатысушылар үшін жол жүру, тұру және тамақтану шығыны қарастырылған.

Тренингтерді өткізу – қазақ және орыс тілінде, спикерлер мен қатысушылардың ілеспе аударма қарастырылған.

Байқауға қатысу үшін сілтемеде көрсетілген сауалнаманы толтыру қажет.
Мына телефон арқылы сауалдарыңызға жауап ала-аласыз: +7 705 314 81 32 (WA/Telegram).

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен «MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы» аясында жүзеге аспақ.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи