ОқиғаларInternews аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жобалар бойынша вебинарлар өткізеді

Internews аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жобалар бойынша вебинарлар өткізеді

Медиа аудитория ауқымын қалай ұлғайтады, бұл үшін не істеу керек? Internews аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жобалар бойынша вебинарлар сериясын өткізеді. Алғашқы вебинар 8 ақпанда басталады. Барлығы 4 вебинар болады. 25 ақпанға дейін жалғасады.

Қауымдастықтар құру, қолданушылармен екіжақты тиімді қарым-қатынас орнату — бүгінгі медиа даму стратегиясының маңызды бөлігіне айналды? Бұған не себеп? Мінеки, Вебинарда осы туралы айтамыз.

Медиа мен аудитория арасында қарым-қатынас орнатуға, оны дамытуға, түрлі жағдаяттарды шешуге қандай құралдарды қолдануға болады? Вебинарда мұны да айтамыз.

2021 жылғы 8 ақпанда алғашқы вебинар өтеді. Тақырыбы: «Орталық Азиядағы аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған сәтті жобалар». 

Орталық Азиядағы жарқын жобаларды таныстырамыз. Авторлар жобаны қалай дайындап, қалай бастап, қалай дамытқанын, медиаға қалай ендіргенін әңгімелейді.

Қоғамдық ұйым және мемлекеттік құрылымдардан сарапшылар тарту, тәуекелдер мен қателіктер, медиаға мұндай ынтымақтастықтың пайдасы мен болашағын талқылаймыз.

Internews сарапшылары аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған медиажобаларға арналған грант байқауы бойынша сұрақ-жауап сессиясын өткізеді.

11-ақпанда Мария Рзаева («Бумага», Санкт-Петербург, Ресей) «Медианы дамыту үшін аудиториямен қарым-қатынас орнату стратегиялары» туралы әңгімелейді, тәжірибесін айтады. Қандай мәселелерді шешуге болады, неден бастау керек, неге мән беріп, қандай жағдайға дайын болу керек?

18-ақпанда медиасарапшы, медиатренер, продюсер Ержан Сүлейменовтің (Қазақстан) «Жоба аудиториясын қалай анықтаймыз және белгілі бір аудиторияға бағытталған жоба қалай жасалады?» вебинары болады. Осы вебинарда монетизация мүмкіндіктерін, аудитория ауқымын ұлғайту стратегиясы арқылы медианың имиджін нығайту мен аудиторияны ұлғайту құралдарын да айтамыз.

25-ақпандағы вебинар аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған жобалардың нақты форматтарына арналады. Қай платформаларда қандай форматтар тиімді? Онлайн және офлайн акциялар, сауалнамалар, чаттар, ток-шоулар және тағы басқа көптеген форматтар. Практикалық сабақтар интерактив форматында өтеді: идеяңызды талқылап, нақты кейстерді талдаймыз, сұрақтарға жауап береміз.

Вебинарлар Zoom платформасында болады, қазақ, тәжік, өзбек және орыс тілдеріне ілеспе аударма жасалады. Барлық вебинарға, не кез келгенін таңдап, қатысуыңызға болады. Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырып, тіркеліңіз. Вебинарлар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Аудитория ауқымын ұлғайтуға бағытталған медиажобаларға арналған грант байқауына онлайн-өтініш жіберіңіз.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи