Грант байқауы: медиа мен мемлекеттік органдар арасында тиімді коммуникация құру

0
649

Қазақстандағы Internews өкілдігі медианың сот, заң шығарушы және атқарушы органдармен тиімді коммуникация құруы, өзара іс-қимылын жетілдіруге арналған жобасы бар серіктестер іздейді.

Мемлекеттік органдар қызметі туралы ақпарат толықтай қолжетімді, халықаралық базалық стандарттарға сай, ал медиа мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынас сенім мен ашықтыққа құрылған қоғамда тиімді реформалар, экономикалық өсу, прогресс пен гүлдену болатынына сенімдіміз.

Медиа ҮЕҰ-дардың мына бастамаларын іске асыруға қаржылай қолдау көрсетеміз:

  • Медиа және мемлекеттік органдар арасындағы әріптестік байланыстарды қолдау мен дамытуға;
  • коммуникация мен өзара іс-қимылдың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздеуге.

Мынадай жобаларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар күтеміз:

  • Қазақстан медиасының мүддесінде заңдарды немесе заңға тәуелді актілерді өзгерту жөніндегі бастамалар;
  • Медиа, сот және өкілді органдардың өкілдерін бірлесіп оқыту жөніндегі іс-шаралар.

Өтініште өзгертуді ұсынатын жағдайды және жобаны іске асырғаннан кейін оның қалай өзгеруі мүмкін екені туралы көзқарасыңызды, әрекет стратегиясын, нәтижелерді бағалауды сипаттаңыз. Жоба 2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс.

Қазылар алқасы өтініш берушінің медиа саладағы тәжірибесі және қатысушыларының әлеуетін арттыру тәжірибесі, қазіргі заманғы медиа нарық жағдайындағы белсенді даму стратегиясы, өз қатысушыларының мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл стратегиясы, мәлімделген нәтижелердің ойластырылған индикаторлары, шынайы бюджет сияқты критерийлер бойынша ұсыныстарды бағалайды. Жеңімпаздарға электронды пошта арқылы хабарлама жібереді.

Байқауға өтінішті 2020 жылғы 27 қаңтар, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24:00-ге дейін толтыру қажет.

Қажет болған жағдайда өтініш берушілерден қосымша ақпарат сұратамыз. Өтініштер рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Қандай да бір сұрақ туындаса, эл.поштамызға хат жазыңыз: [email protected]

Бұл жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.