Internews «Деректі кино мектебі. Қысқа метр» мектебін өткізуге серіктестер іздейді

0
1141

Internews өкілдігі «Деректі кино мектебі. Қысқа метр» мектебін бірлесіп өткізуге серіктестер іздейді.

1 наурызда Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанда «Деректі кино мектебі. Қысқа метр» аймақтық мектебін бастаймыз. Қатысушылар шығармашылық идеясын жүзеге асырып, қысқа деректі фильм (хронометражы: 15 минутқа дейін) түсіру мүмкіндігіне ие болады. 

Деректі фильм түсіретін студиялар, продакшен-студиялар, медиакомпаниялар мен ҮЕҰ-дарды мектептің оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыруға шақырамыз. 

Байқауға келіп түскен өтініштер негізінде Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан серіктестер іріктеледі және өз елінде Internews-пен бірлесіп, мектеп жұмысын ұйымдастыруға серіктес ретінде қаржылай қолдау алады.

Мектеп бағдарламасын Internews сарапшылары, серіктестері мен тренерлері бірігіп дайындайды.

Internews серіктестерді іріктеу барысында мына критерийлерге мән береді:

  • оқу процесін сапалы басқаруға және қатысушыларға кейін де тәлімгерлік ететін кәсіби әрі тәжірибелі команда;
  • өз еліндегі деректі кино саласы жұлдыздарын, сарапшылар мен тренерлерді, аудармашыларды тарта алуы;
  • сапалы видеоконтент жасау және соны таратып-таныту процесін түсінуі. Аймағыңыздағы деректі кино саласында құзыреттілігі болуы, ұлт тілдерін білу (қазақ, тәжік, өзбек)

Егер серіктестер бұған дейін басқа елдерде деректі кино өндірісі бойынша оқып-үйренген болса, бұл оған артықшылық береді.

«Деректі кино мектебі. Қысқа метр» мектебіндегі оқу онлайн және офлайн форматтарда өтеді. Әр елден 1-3 адамы бар төрт командаға дейін қабылданады. Мектеп қатысушылары онлайн-режимде тренерлердің, жұлдыздар мен әр елден шақыртылған сарапшылардың дәрісін тыңдап, олармен араласып, әңгімелеседі (әр мемлекеттің ұлттық тіліне ілеспе аударма жасалады). Әрі қарай оқыту процесі офлайн-режимге ауысып, топтар ұлттық тілінде жұмыс істейді. Оқу аяқталған соң қатысушы-командалар хронометражы 5-15 минуттық дайын фильмдерін көрсетеді. Серіктестердің тағы бір міндеті – жұмыс аяқталғанға дейін қатысушыларға қажет тәлімгерлікті қамтамасыз ету. 

Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз.

Өтініштер 2021 жылғы 5 ақпанға дейін қабылданады.

Іріктеу нәтижесі 2021 жылғы 10 ақпанда жарияланады.

Қандай да бір сұрақ туындаса kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазыңыз.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.