ГранттарInternews коммуникациялық аудит жүргізетін серіктес іздейді

Internews коммуникациялық аудит жүргізетін серіктес іздейді

Internews өкілдігі Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы ақпараттық арналарына аудит жүргізетін серіктес іздейді. Аудит мақсаты – аталған елдердегі “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасының” сыртқы коммуникация тиімділігін бағалау. 

Аудит жүргізетін серіктес байқау арқылы анықталады (жеке немесе заңды тұлға: маман немесе зерттеу агенттігі).

Серіктестің міндеттері:

  • Internews-пен бірігіп, аудит жүргізу әдістемесі мен форматын дайындау, бекіту;
  • Аудармашылар жалдау (қажет болғанда) және олардың жұмысын үйлестіру;
  • Далалық кезең өткізу, талдау және аралық кезеңде тапсырыс берушіге таныстыру;
  • Сыртқы байланыс стратегиясын жетілдіру бойынша қорытынды ұсыныстар жасау; 

Талаптар: 

  1. Халықаралық және жергілікті ұйымдарға, компанияларға маркетингтік, әлеуметтік зерттеулер жүргізу бойынша кемі 5 жылдық тәжірибесі;
  2. Аймақ деңгейінде жұмыс істеу, Орталық Азия бойынша аймақаралық зерттеулер жүргізу тәжірибесі
  3. Орталық Азия медианарығын білуі;
  4. Аймақта соңғы 3 жылда жүргізілген медиа зерттеулерден хабардар болуы;
  5. Ұйымдастырушылық қабілет, материалды таныстыра білуі, қарым-қатынас жасай алуы;
  6. Аналитикалық ойлау мен статикалық деректерді өңдеу машығы.

Техникалық тапсырманы kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазып, сұратуға болады.

Байқауға қатысу үшінkz-info@internews.org эл.поштасына  мына құжаттарды жіберу керек:

  • Ілеспе хат;
  • Өтініш берушінің резюмесі, команда мүшелерінің резюмесі (егер команда жасақталса)
  • Бұған дейін жасаған ұқсас бағалау жұмыстарыңызды көрсетіңіз;
  • Бюджет ұсынысы

Өтініштер kz-info@internews.org эл.поштасына 2021 жылғы 28 наурыз, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Хат тақырыбын “Коммуникациялық аудит жүргізуге өтініш” деп жазыңыз. 

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи