БайқауларОрталық Азия медиасыншыларының онлайн-шеберханасына қабылдау басталды

Орталық Азия медиасыншыларының онлайн-шеберханасына қабылдау басталды

Internews 2021 жылғы наурыз-сәуірде медиасыншылар дайындайтын онлайн-шеберхана өткізеді. Онлайн-шеберханаға медиасын бағытын меңгеріп, “Жаңа репортер” сайты мен Internews-тің басқа да интернет-жобаларына мақала жазғысы келетін медиамамандар, филологтар, мәдениеттанушылар қатыса алады. Қатысушыларды толтырған сауалнамасына қарап, конкурстан іріктейді. 

Өтініштер 2021 жылғы 1 наурыз, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-ге дейін қабылданады.

Қазақ тілін жетік білетін, орыс тілін оқытушыны түсіну деңгейінде меңгерген авторларға басымдық беріледі. 

Медиасын – журналистиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы. Ол журналистік өнімді әлеуметтік, этикалық, құқықтық және тағы басқа да көптеген қыры тұрғысынан бағалайды. 

Internews “Жаңа репортер” сайты арқылы Орталық Азия елдерінде “Медиасын” бағытын дамытып жатыр. Сайттағы медиасын мақалаларды қарап шығып, онлайн-өтінішті толтырғаныңыз жөн. Біз мектеп қатысушыларын ғана емес, пікірлес адамдарды, яғни онлайн-шеберханамызда оқып, “Медиасын” бөліміне қаламақыға мақала жазатын авторлар мен редакторларды іздейміз. 

Онлайн-шеберханамызда тренингтер болады, материалды өз бетінше зерделеу-зерттеу және Internews тәлімгерлерімен жеке жұмыс істеу қарастырылған.

Тренингтер 15, 17, 29 наурыз күндері Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталып, 18:00-де аяқталады. 

Онлайн-шеберхана қатысушылары курс соңында қаламақысы төленетін екі материал дайындайды. 

Онлайн-шеберханада оқып, медиасын жанрының қыр-сырын танып-білгіңіз келсе, онлайн-өтінішті 2021 жылғы 1 наурызға дейін толтырыңыз. Сабаққа қатысу үшін тұрақты интернетіңіз және ноутбук/компьютеріңіз болуы керек.

Медиасын онлайн-мектебінде оқығаныңыз жөнінде сертификат беріледі. 

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи