БайқауларҚазақстандағы Internews креативті видеограф бос жұмыс орнына байқау жариялады

Қазақстандағы Internews креативті видеограф бос жұмыс орнына байқау жариялады

Қазақстандағы Internews өкілдігі креативті видеограф бос жұмыс орнына байқау жариялады.

Міндеттері: әлеуметтік желілерге қысқа видеороликтер (feature және caption-видео) дайындау:

  • видео түсірілімге дайындық, түсірілімді ұйымдастыру, видео түсіру, видео таңдау, сценарий жазу, монтаждау;
  • видеоматериалдарды мұрағаттау.

Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:

  • видеоконтент өндірісінде кемі 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • бейінді білім;
  • коммуникабелді, жоғары жауапкершілік;
  • орыс тілін жетік білу, қазақ тілін білетін үміткер артықшылыққа ие.

Үміткерлердің қабілет-қарымы тең, онда халықаралық немесе жергілікті қоғамдық ұйымдарда, медиаұйымдарда ұқсас жұмыс істеген адамға басымдық беріледі. 

Толық емес жұмыс күнімен қашықтан істеуге болады. 

Егер осы бос жұмыс орнына қызықсаңыз, онда 2021 жылғы 11 сәуірге дейін KZ-Info@INTERNEWS.ORG электронды поштасына түйіндемеңізді жасаған видеороликтеріңізбен қоса жіберіңіз. Хат тақырыбын «Креатив видеограф жұмысына» деп көрсетіңіз. 

Internews — БАҚ-ты қолдау жөніндегі халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Негізгі қызмет түрлері:

  • бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына, ТВ бағдарламалауына, контент өндірісіне және жаңа медиа технологияларды тануына көмектесу;
  • шығармашылық және техникалық қызметкерлерді кәсіби оқыту;
  • құқықтық қолдау.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи