Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстандағы медиа тұтыну мен медиасауаттылықты зерттеуге тендер

0
1475

Internews өкілдігі Орталық Азия елдері: Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы медиа тұтыну мен медиасауаттылықты зерттеуге тендер жариялайды. 

Зерттеу медиаортаның құрылымын, яғни аудитория қалауы мен сұрауын, медиасауат деңгейін, өз медиасауатын қалай бағалайтынын анықтауы қажет. 2019 жылы жүргізілген зерттеу нәтижелерімен салыстырмалы талдау жасалуы керек. 

Зерттеу тұрғындардан бетпе бет (face-to-face) сауалнама алу, фокус-топ және сарапшылармен сұхбат жасау арқылы сандық және сапалық тәсілмен жүргізіледі. 14-65 жас аралығындағы қала мен ауыл тұрғындарын қамтиды. Зерттеудің далалық кезеңі 2021 жылғы маусым соңына дейін жүргізілуі міндетті. Бастапқы баяндама маусым соңына дейін, қорытынды баяндама 2021 жылғы қыркүйек соңына дейін дайындалады.

Зерттеудің жұмыс тілі – орыс тілі. Серіктес үш елде аймақтық деңгейде жұмыс істейді. Сауалнаманы сол аймақтағы ұлт тілдеріне аударады. 

Техникалық сипаттамасымен сілтемеге өтіп таныса аласыз. 

Егер медиазерттеу жасау тәжірибеңіз болып, қатысқыңыз келсе, онда 20 наурызға дейін [email protected] эл.поштасына “Медиа тұтынуды зерттеу” тақырыбымен хат жолдаңыз.

Хатқа мына құжаттарды қосыңыз:

  • заңды тұлға ретінде тіркеу куәлігінің көшірмесі;
  • соңғы бес жылда жүргізген негізгі ірі зерттеулеріңіздің тізімін, орындалған жұмыстың қысқаша сипаттамасын, есебіңіз ашық жарияланса, соның сілтемесін беріңіз және тапсырыс берушіні көрсетіңіз. Орталық Азия аймағында немесе медиа зерттеу бойынша зерттеулерге басымдық беріңіз;
  • Зерттеудің жоспарлы жұмыс кестесі зерттеу жүргізу тәртібі;
  • Жұмыстың болжалды құны

Internews конкурс критерийлеріне сай келетін бірнеше үміткерді таңдап, олармен әңгімелеседі. Әңгімелесу 25-31 наурыз аралығында болады. Содан кейін зерттеу жүргізетін серіктесті таңдап, конкурс нәтижесін 2021 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей хабарлайды. 

Қандай да бір сұрақ туындаса, [email protected] электронды поштасына жазыңыз.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге асады.