Наталья Лигачеваның медиасын кеші өтеді

0
586

17 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де журналист, редактор, «Детектор медиа» жобасының жетекшісі Наталья Лигачеваның (Украина) медиасын кеші өтеді.

«Жаңа репортер» сайты үш жылдан бері медиасын бағытын дамытып жатыр. Қазір Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы 30 шақты автормен жұмыс істейміз. Орталық Азияда медиасын – жаңа бағыт саналса, Украинада Наталья Лигачева мен оның командасы белсенді дамытып жатыр.

Наталья Лигачева «Телекритика» жобасының авторы әрі ұйымдастырушысы ретінде посткеңестік кеңістікте медиасын жанрының негізгі стандарттарын қалыптастырды. Ол 2016 жылдан бері «Детектор медиа» жобасын басқарады. Бұл жоба медиа материалдарды талдап, мониторинг, анализ жасап, жариялайды.

Кім қатыса алады?

Медиасын кешіне медиасыншыларды, медиасын бағытын үйренгісі келетін адамдарды, медиасын оқырмандарын, жарияланымдары сыналған журналистер мен редакторларды, Орталық Азиядағы журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттерін шақырамыз.

Медиасын кешінде не айтылады?

«Детектор медиа» жобасының форматтары мен жанрлары, тұтастай алғанда медиасын журналистикаға қалай ықпал ететіні туралы әңгімелейді.

Қашан өтеді?

Наталья Лигачеваның Медиасын кеші 17 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де Zoom платформасында басталады. Кездесу орыс тілінде өтеді. Медиасын кешіне қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырып, тіркеліңіз. Тіркелген қатысушылардың e-mail поштасына Zoom конференция сілтемесі келеді.