Internews ЖОО оқытушыларына тренинг өткізетін серіктестер іздейді

0
395

Жоғары оқу орындарының журналистика факультеті оқытушыларына, медиатренерлерге ТОТ (training of trainers, (қазақшасы мағынасы — «тренерлерге арналған тренинг») бағдарламасын жасап, қажет материалдарын әзірлеп, тренинг өткізетін серіктестерді анықтайтын грант байқауын жарияладық. Грант байқауына Қазақстандағы медиа, коммерциялық емес және білім беру ұйымдары қатыса алады. 

Биылғы ТОТ мақсаты –  журналистика факультетінің оқытушыларына, медиатренерлерге журналистік зерттеу теориясы мен практикасы бойынша курстар, семинарлар, лекциялар дайындауына теориялық және практикалық көмек беру, тренерлерге журналистік зерттеу бойынша арнайы білім беру бағдарламасын жасау, қызығушылық танытқан журналистика факультеттері мен зерттеуші журналистер арасында бағдарламаны сынақтан (апробация) өткізіп, Қазақстандағы журналистика факультеттеріне журналистік зерттеудің теориясы мен практикасын оқытуды ендіру.

Серіктестер журналистика факультетінің оқытушыларына ТОТ ұйымдастыру және өткізудің егжей-тегжейлі жоспарын, цифрлы технологиялар қарқынды дамып жатқан дәуірдегі журналистік зерттеу жанрының ерекшеліктері мен интерактив оқыту әдістерін үйрететін тренинг бағдарламасын, журналистік зерттеу тренингін өткізетін тренерлерге қажет материалдарды ұсынуы керек. 

Сонымен қатар елдің барлық аймағынан қызығушылық танытқан журналистика факультеті оқытушыларын, медиатренерлерді тарта отырып, ТОТ өткізудің нақты бюджетін ұсынады. Бұған курсты қызығушылық танытқан журналистика факультеттері мен зерттеуші журналистер арасында сынақтан (апробация) өткізу де кіреді. 

Байқауға қатысатын әлеуеттік серіктестер мына критерийлерге сай болуы керек: 

  • Медиа саласында кемі үш жыл сәтті жұмыс істеген тәжірибесі бар медиа, коммерциялық емес, қоғамдық не білім беру ұйымы болуы.
  • Білім беру жобаларында жұмыс тәжірибесі болуы;
  • Елдегі журналистика факультеттері және журналистік зерттеудің теориясы мен практикасын оқытуға маманданған медиатренерлермен тұрақты байланыста болуы. 

Жобаларды іріктеу критерийі қандай?

журналистер мен блогерлерді оқыту бойынша ұсыныстарының бірегейлігі, нәтиженің тұрақтылығы, іс-шара аяқталғаннан кейін де қатысушылармен кәсіби байланыс жасап отыру мүмкіндігі, консультациялық қолдау көрсету, нақты әрі негізделген бюджет. Білім беру жобаларын іске асыру тәжірибесі, журналистік зерттеу курсының бағдарламасын Қазақстандағы ЖОО-ның журналистика факультеттері, журналистік зерттеудің теориясы мен практикасын оқытуға маманданған медиатренерлер арасында сынақтан (апробация) өткізу мүмкіндігі. 

Байқауға өтініштер 2021 жылдың 17 мамыры, cағат 21:00-ге дейін қабылданады

Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, [email protected]  эл.поштасына хат жазыңыз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады.