Медиа басқару машықтарын жетілдіретін Business LAB-қа өтініш қабылдау басталды

0
1798

Internews өкілдігі Қазақстан және Тәжікстандағы медиаға арналған Business LAB лабораториясына қатысу байқауын жариялады. Биылғы Business LAB 11-25 мамыр аралығында онлайн-форматта өтеді.

Егер Business LAB-қа қатыссаңыз, онда:

  • Медиаңызды стратегиялық тұрғыдан басқару машығыңызды жетілдіресіз;
  • Контент өндірісіне өнім ретінде қарап, контент сатуды үйренесіз;
  • Нақты бизнес-партнерлер табудың қыр-сырына қанығасыз;
  • Оларға дайын ұсыныстар әзірлеуді меңгересіз;
  • Медиакомпанияңызды бизнес ретінде талдап, дамыту жөнінде кеңес аласыз.

Business LAB түлектері қаржылық және басқару потенциалын нығайтатын арнайы гранттар байқауына қатысады.

Business LAB бағдарламасында лекциялар, практикалық сипаттағы топтық және жекелей консультациялар, кездесулер мен далалық жұмыстар бар. Спикерлер қатарында белгілі халықаралық практик-медиамамандар, жергілікті бизнес өкілдері болады.

Медианың қаржы көздерін әртараптандыру, жаңа контент жасау және монетизацияны үйреніп, редакцияны басқару ісіне ұзақмерзімді өзгеріс енгізгісі келетін қазақстандық/тәжікстандық медиа командаларды Business LAB байқауына қатысуға шақырамыз.

Командада контент өндірісі мен монетизациясына жауапты екі жетекші қызметкер болуы керек. Business LAB-қа шақырылатын командалар лаборатория бағдарламасына толыққанды қатысуға кепілдік беруі шарт. Медиа жұмысына өзгеріс енгізуді қалайтын және өзгеріс енгізуде жоғары динамиканы қамтамасыз етуге қабілетті командаларға басымдық беріледі.

Business LAB-та ересектер мен жастар аудиториясына арналған медиа бойынша екі бағыт бар.
1) ЖАЛПЫЛАМА: ересектер аудиториясымен жұмыс істейтін кез-келген форматтағы медиа;
2) ЖАСТАР АКСЕЛЕРАТОРЫ: жастар аудиториясын зерттеу және оларға контент таратуға ден қоятын жастар медиасына.

Онлайн-өтінішті 2021 жылғы 14 сәуірге дейін жіберуге болады.

  • 14-30 сәуір аралығында өтініштерді қарап, қысқа тізім жасалады.
  • 5 мамырда финалистер, яғни Business LAB қатысушылары жарияланады.
  • Шамамен 10-15 мамырда Business LAB басталады.

Оқыту орыс тілінде өтеді, қажет болған жағдайда жергілікті ұлт тілдеріне аударылады.

Қандай да бір сұрағыңыз болса, [email protected] эл.поштасына хат жазыңыз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге асады.