Қазақстандағы Internews өкілдігі қазақ тіліндегі медиасын бөлімінің редакторы мен продюсері бос орнына конкурс жариялады

0
826

Қазақстандағы Internews өкілдігі қазақ тіліндегі медиасын бөлімінің редакторы мен продюсерінің бос орнына конкурс жариялады.

Міндеттері: 

  • Медиасын бөліміне өз бетінше не авторлармен бірігіп, тақырып іздеу;
  • «Жаңа репортер» сайтының бас редакторымен тақырыптарды бекіту;
  • Медиасыншы-авторларға тақырыптарды бөліп беру;
  • Қажет болғанда, мәтін құрылымын түзету үшін авторлармен жұмыс істеу;
  • Дайын мәтінде редакциялау және қатесін түзету.

Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:

  • кемі үш жылдық редактор тәжірибесінің болуы;
  • салалық білім;
  • коммуникабелді, ісіне өте жауапты 
  • адамдарды ынталандыра білуі;
  • қазақ тіліне жетік болуы, ал орысшаны орыс тіліндегі редактормен қарым-қатынас жасау деңгейіне білу.

Бұл жұмыс орны қашықтан әрі ішінара жұмыс істеуді қарастырады. 

Егер осы вакансия қызықтырса, онда істеген жұмыстарыңыз туралы мәліметі бар түйіндемеңізді KZ-Info@INTERNEWS.ORG эл.поштасына 2021 жылғы 23 тамызға дейін жіберіңіз. Хат тақырыбына “Қазақ тіліндегі продюсердің бос жұмыс орнына” деп көрсетіңіз. 

Internews – БАҚ-ты қолдау бойынша халықаралық коммерциялық емес ұйым.
Негізгі қызметі:

  • медианың дамуына, ТВ бағдарламалауға, контент өндірісі мен жаңа медиа технологияларды танытуға көмектесу;
  • шығармашылық және техникалық қызметкерлерді кәсіби оқыту;
  • заң тұрғысынан қолдау.