БайқауларИнституционалды медиа-серіктестік бағдарламасына қатысуға байқау басталды

Институционалды медиа-серіктестік бағдарламасына қатысуға байқау басталды

Институционалды медиа-серіктестік бағдарламасы дегеніміз — Қазақстандағы медианың ұйымдастыру әлеуетін нығайту үшін бұқаралық ақпарат құралдарын қолдаудың толық циклді бағдарламасы.

Бағдарлама бағалау, консультация беру, тәлімгерлік ету және мына компоненттер бойынша 2022 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін жыл бойына грант қолдауын қамтиды: 

  1. стратегиялық даму,
  2. команданы оқыту және дамыту,
  3. аудиторияны зерттеу және контент жеткізу каналдарын дамыту, 
  4. контент жасау және жаңа форматтарды тестілеу;
  5. монетизация.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Ұйымның тұрақтылығын нығайтып, басқарудың аналитикалық құралдарын қолдануды жетілдіргісі келетін, қазақ және/немесе орыс тілдерінде контент жасайтын медиакомпаниялар, онлайн-редакциялар, әлеуметтік сервистердегі медиа мен телеарналар қатысуына болады. Жеке және қоғамдық ұйымдар ғана өтініш бере алады. 

Жоба бірнеше кезеңнен өтеді:

1. Бағдарлама қатысушыларын іріктеу:
— іріктеу 2021 жылы қарашада өтеді;
— іріктеу екі кезеңнен тұрады: өтініштерді қарау және өтініш берушілермен сұхбаттасу;
— 2022 жылғы бағдарламаға қатысуға Қазақстаннан үш медиа таңдалады.

2. Қатысушылардың ұйымдастыру әлеуетін бағалау:
— бағалау 2021 жылғы желтоқсанда өтеді;
— Internews сарапшылары мен шақырылған мамандар бағалайды;
— бұл кезең ұйымның ішкі процесстері мен саясатын талдауды қамтиды;
— Internews бағалауды  толықтай құпиялылықты сақтап, жүргізуге кепілдік береді. 

3. Бағалау қорытындысы бойынша жеке даму жоспарын жасау:
— 2022 жылға әлеуетін нығайтудың жеке жоспары жасалады;
— жоспарға жобаның сәтті дамуын өлшейтін бекітілген көрсеткіштерден енгізілген.

4. Басым бағыттарды күшейту, консультация және тәлімгерлік:
— жеке жоспарды орындау 2020 жылғы қаңтардан ақпанға дейін жалғасады;
— сондай-ақ, медиа басым бағыттарын дамытуға грант алады;
— Internews осы уақыт аралығында қолдауға консультанттар мен менторлар тобын ұсынады. 

5. Орындалған жұмыс пен өзгерістерді бағалау:
— жоба аяғында тиімділікті өлшеу бойынша қайта бағалау болады.

Қалай өтініш береді?

Word форматындағы форма файлын жүктеп алып, толтырып, 2021 жылғы 15 қараша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-ге дейін Central-Asia-Applications@internews.org эл.поштасына жіберу керек.

Қандай да бір сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз немесе 2021 жылы 10 қарашада онлайн өтетін инфосессияға тіркеліңіз. Сессия уақыты мен кездесу сілтемесін email поштаңызға жібереміз. 

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи