Грант байқауы: Қазақстан медиақауымдастықтарын қолдау

0
649

Қазақстандағы Internews өкілдігі телерадио хабарларын тарату, баспа және жарнама қызметі, интернетте контент жасау және тарату сияқты түрлі сала қатысушыларының мүддесін біріктіретін және қорғайтын медиақауымдастықтарды қолдау бойынша ашық грант байқауын жариялады. Байқау Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында ұйымдастырылады. Журналистер, редакторлар мен тағы басқа да медиамамандардың кәсіби бірлестіктерін байқауға шақырамыз. 

Байқауға өтініште мына бағыттарда жасалатын іс-шаралар ұсынуыңыз керек:

  1. ұйымыңызды институционалды қолдау, бұған жаңа қатысушылар тарту, байланысты нығайту және кеңейту, қауымдастық мүшелерінің мүддесін қорғау үшін серіктестермен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасты нығайту;
  2. қауымдастық мүшелерінің медианарықта табысты болуына көмектесетін түрлі бастамаларды ендіру және дамыту.

Өтініште қауымдастықтың әлеуетін қалай арттыратыныңызды, қауымдастық мүшелерін дамыту және қолдау стратегиясын, өткізуге ұсынатын іс-шараларды, күтілетін  нәтиже мен ілгерілеуді бағалайтын көрсеткіштерді жазыңыз. Жоба 2022 жылғы тамыздың соңына дейін орындалуы керек. 

Қазылар алқасы ұсыныстарды мына критерийлер бойынша бағалайды: өтініш берушінің медиа саласында және қатысушыларының әлеуетін арттыру бойынша тәжірибесі болуы, қазіргі медианарық жағдайында белсенді даму стратегиясы, қатысушыларының мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас, мәлімдеген нәтиженің ойластырылған көрсеткіштері, ақылға қонымды бюджет. Жеңімпаздардың электронды поштасына жазып, хабардар етеді. 

Байқауға өтінішті 2021 жылғы 25 желтоқсан, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ге дейін толтырып жіберу керек. Қандай да бір сұрақ туындаса, [email protected] эл.поштасына хат жазыңыз. 

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.