Қазақстандағы Internews өкілдігі алдағы сейсенбі, 1 ақпан күні сағат 17:00-де режиссер, деректі фильмдер продюсері Шахида Тулагановамен live-сұхбат өткізеді.
Шахида жанжал ошақтарында жұмыс істеу тәжірибесін баяндап, практикалық кеңестерін айтады. Сұхбатты Zoom-да не Қазақстандағы Internews өкілдігінің Facebook-парақшасынан тікелей эфирде көруге болады. Zoom-да қазақ тіліне синхронды аударма жасалады.
Шахида Тулаганова — режиссер әрі деректі фильмдер продюсері. Өзбекстанда дүниеге келген. 20 жылдан бері Ұлыбританияда тұрады. Лондондағы BBC кеңсесінде және Прагадағы «Азаттық радиосында» көп жыл жұмыс істеген. Соңғы жылдары әлемдегі қауіпті жанжал ошақтарында тәуелсіз журналистикамен айналысады. Шахида 2021 жылы Internews ұйымдастырған Деректі кино мектебінде ментор әрі тренер болды.
Шахида — тәжірибелі әскери корреспондент. Палестина аумағында, Ауғанстан, Шығыс Украина, Сирия, Ливанда жұмыс істеді. Таяуда британдық Channel 4 телеарнасына China’s Olympic Secrets деректі фильмін аяқтады. Фильм Қытайдағы мұсылман қазақтар мен ұйғырларға қарсы қуғын-сүргін тақырыбына арналған.
Бұған дейін Бирмадағы Рахинджа-мұсылмандарына қарсы геноцид туралы Exiled деген тәуелсіз деректі фильм түсірді. Оның «Аэропорт Донецк» фильмі «АртДокФест» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Бұл фильм аталған әуежайдағы соңғы ұрыс оқиғасына арналды.
Шахида 2007 жылы Әзербайжандағы демократиялық белсенділер туралы түсірілген How to Plan a Revolution фильміне продюсер болды. Фильм Prix Europa жүлдесін жеңіп алып, 2006 жылғы үздік телевизиялық фильм атанды.
Ол Cries from Syria фильміне тең продюсер болып, фильм Emmy TV awards жүлдесіне ұсынылды.