Грант байқауы: медиа мен мемлекеттік органдар арасында тиімді коммуникация орнату

0
2562
Фото с сайта freepik.com

Internews медиа мен мемлекеттік органдар арасында тиімді коммуникация орнату бойынша ашық грант байқауына өтініш қабылдауды бастады. Қазақстандағы медианың заң шығарушы және атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауы бойынша жаңаша, заманауи жолдарды ұсынатын серіктестердің бастамасын қолдаймыз. 

Мемлекеттік органдар қызметі жөнінде ақпарат жалпыға қолжетімді, халықаралық базалық стандарттарға сай, ал медиа мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынас сенім мен ашықтыққа негізделген қоғамда тиімді реформалар, экономикалық өсу, прогресс пен гүлдену болатынына сенімдіміз.

Қоғамдық ұйымдардың мына бастамаларын іске асыруына қаржылай қолдау көрсетуге дайынбыз:

  • Қазақстандағы медиа, заң шығарушы және атқарушы органдар арасындағы әріптестік байланыстарды қолдау мен дамыту;
  • коммуникация мен өзара іс-қимылдың тиімді әдіс-тәсілдерін іздеу.

Жоба аясында қандай іс-шаралар қолдау табады?

  1. Қазақстандағы заң шығарушы және атқарушы органдар арасындағы коммуникация мәселесін реттейтін НҚА-ға өзгеріс; 
  2. Шет мемлекеттердің заң шығарушы және атқарушы орган өкілдерімен коммуникация стратегиясы мен жұмысын жақсарту бойынша тәжірибе алмасу;
  3. Қоғам, медиа, биліктің заң шығарушы және атқарушы орган өкілдерін тиімді коммуникация машықтары бойынша оқыту. Бұған  цифрлы ортадағы коммуникация машықтары да кіреді.
  4. Ақпараттық-насихаттық кампаниялар. 

Өтініш толтырғанда өзгертуді ұсынатын жағдайды және жобаны іске асырғаннан кейін сол жағдайдың қалай өзгеруі мүмкін екені туралы ойыңызды, іс-әрекет стратегиясын, нәтижелер қалай бағаланатынын сипаттап жазыңыз. Жоба 2022 жылғы қыркүйек айының соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс.

Қазылар алқасы ұсыныстарды өтініш берушінің медиа саласындағы және қатысушыларының әлеуетін арттыру тәжірибесі, заманауи медианарықта белсенді даму стратегиясы, қатысушыларының мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл стратегиясы, мәлімдеген нәтижелердің ойластырылған индикаторлары, ақылға қонымды бюджет сияқты критерийлер бойынша бағалайды. Жеңімпаздарға электронды пошта арқылы хат жолданады.

Байқауға 2022 жылғы 20 ақпан, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ге дейін жіберу өтініш жіберу қажет.

Қажет болған жағдайда өтініш берушілерден қосымша ақпарат сұратамыз. Өтініштер рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Қандай да бір сұрақ туындаса, эл.поштамызға хат жазыңыз: kz-info@internews.org

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.