Internews-тің төртінші медиабастаңғысы: Медиадағы әйелдер, әлеуметтік желідегі буллинг

0
2285
фото depositphotos.com сайтынан / Фото с сайта depositphotos.com

Орталық Азияда әйел теңдігі идеясын танытып жүрген журналистер мен белсенділердің көбі — әйелдер. Олар медиаконтент, акция және білім беру кампанияларын ұйымдастырып, идеяның мақсаты мен пайдасы туралы дұрыс ақпарат жеткізуге тырысады. Алайда гендер тақырыбын айтатын журналистер мен белсенділердің жұмысын қоғам, әсіресе сол өзгеріске мұқтаж адамдар да түсіне бермейді. Феминизм мен гендер теңдігі идеясын тарататын белгілі тұлға буллингке, тіпті қорқытып-үркітуге ұшырайды.

Бұған не себеп? Гендер теңдігі тақырыбын айтатын белсенділер мен журналистер агрессивті сыннан қалай қорғанады? Бұл жұмысты дәл қазір жалғастыру неліктен маңызды? Журналистер мен сарапшы мамандар қатысатын төртінші медиабастаңғыда осы сауалдарды талқылаймыз. Internews күрделі, бірақ қажет тақырыпқа қызығатындардың бәрін кездесуге шақырады.

Қашан жүздесеміз?

Кездесуіміз 2022 жылғы 20 мамыр, жұма, Алматы уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Қалай қатысуға болады?

Тіркелу үшін осы сілтемені ашыңыз. Тіркелген соң электронды поштаңызға Zoom-да болатын кездесудің сілтемесін жібереміз. Қазақстандағы Internews өкілдігінің Facebook-парақшасында тікелей трансляция жасаймыз.

Кездесуге не әкелеміз?
Шай/кофе/шырын/су және жақсы көңіл-күй, сындарлы ой.

Медиабастаңғы дегеніміз не?
Internews медиабастаңғылары туралы, оның қалай өтетінін мына видеодан көре аласыз.

Әйелдер мәселесін неліктен жиі айтып отыру керек?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемдегі әрбір үшінші әйел өмір бойы зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Әйелдер экономикалық өмірге әлі де толыққанды қатыса алмайды. Мәселен, «БҰҰ-әйелдер» ұйымы еңбек нарығында әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда аз әрі олардың жұмыссыз қалу ықтималдығы жоғары деген ұйғарым жасады. Әйелдердің жалақысы аз: ерлерге 1 доллар төленсе, әйелдер 77 цент алады. Әйел отбасы мүшелерінің күтіміне жауапты болып, үйдегі көп жұмысты істейді (әлемдегі ақысы төленбейтін жұмыстардың 76 пайызын орындайды). Бұл — әлемде және Орталық Азияда әйелдер тап болатын проблемалардың бір бөлігі ғана. Мұндай кедергілер жойылса, әйелдер ғана емес, жалпы қоғам ұтады. Гендер теңдігі бәріне пайдалы. Міне, сондықтан бұл туралы жиі-жиі айтқымыз келеді.

Медиабастаңғы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.