Мультимедиалы контент жасаудың негізгі машықтары тренингіне тіркеу басталды

0
3810
сурет www.freepik.com сайтынан

Internews кәсіби журналистер мен жұмысын енді бастаған журналистерді Мультимедиалы контент жасаудың негізгі машықтары тренингіне шақырады. 

Тренингте: деректер қорын өңдеу, материал визуализациясы, фактчекинг, журналист этикасы және басқа да маңызды машықтар бойынша лекциялар мен шеберлік сабақтары болады. 

Сабақтар 2022 жылғы 11-15 шілде аралығында қазақ тілінде онлайн өтеді. 

Мультимедиалы материал жасап, алған білімді сіңімді ете түсу үшін тренинг аяқталғаннан кейін бір айдай ментор қолдауы қарастырылған. 

Тренингке қатысу — тегін, толтырған өтінішіңізге қарап, конкурста таңдайды. 

Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз. 

Өтініштер 2022 жылғы 9 шілде, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-ге дейін қабылданады. 

Тренингтің барлық сабағына қатысып, үй тапсырмаларын орындау қажет. 2022 жылғы 11-15 шілде аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін уақыт бөлуіңізді сұраймыз. Курс аяқталғаннан кейін сапалы мультимедиалы материал жасауыңыз үшін 2-4 аптадай ментор қолдау көрсетеді.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.