Зерттеуші журналистер қауымдастығын қолдауға арналған грант байқауына өтініш қабылдау басталды

0
1661
сурет depositphotos.com сайтынан / Фото с сайта depositphotos.com

Байқаудың бірінші кезеңіне өтініш қабылдау 2022 жылғы 30 маусым, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ге дейін ұзартылды. Байқауға қатысу үшін онлайн-сауалнаманы толтыру керек. 

Internews ұйымы Орталық Азия елдерінде жұмыс істейтін зерттеуші журналистер қауымдастығын қолдау үшін MediaCAMP бағдарламасы аясында ашық грант байқауын жариялады

Байқауға кімдер қатыса алады?

Қазақстан және Тәжікстанда журналистер мен блогерлерді оқытатын жобалар ұйымдастырып жүрген қоғамдық ұйымдарды байқауға қатысуға шақырамыз. Сондай-ақ, қоғамдық-әлеуметтік маңызы бар тақырыптар бойынша журналистік зерттеу жүргізіп, жариялаған БАҚ редакцияларының да осы байқауға қатысуын құптаймыз. 

Қандай іс-шаралар қолдауға ие болуы мүмкін?

Өтініш берушілер ашық грант байқауына Орталық Азиядағы зерттеуші журналистердің мүддесін қорғау, бірлігін нығайту, кәсіби біліктілігін арттыру және қолдау бойынша идеяларын ұсына алады. Мына сипаттағы іс-шаралар болуы мүмкін, бірақ бұл тізіммен шектелмей, басқалай идеяңызды ұсынуға болады:  

  • Зерттеуші журналистерге арналған вебинарлар, тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру және өткізу;
  • Орталық Азия елдеріндегі зерттеу журналистикасының дамуы мен проблемаларын талқылау үшін арнайы тақырыптық сессиялар немесе панельді дискуссиялар өткізу;
  • Зерттеуші журналистердің түрлі редакцияларда тағылымдамадан өтуі және т.б.

Қалай өтініш береді?

Байқаудың бірінші кезеңіне өтініш қабылдау 2022 жылғы 30 маусым, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де аяқталады. Байқауға қатысу үшін онлайн-сауалнаманы толтыру керек. 

Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбына «Орталық Азияның зерттеуші журналистер қауымдастығын қолдау» деп көрсетіңіз.

Өтініштер қалай бағаланады?

Байқауға келіп түскен барлық өтінішті Сараптама кеңесі қарап, мына критерийлер бойынша бағалайды: 

  • Ұсынған іс-шараның байқау мақсаты мен зерттеуші журналистер қауымдастығының талап-тілегіне сай болуы;
  • Ақылға қонымды бюджет;
  • Өтініш берушінің журналистерді оқыту жобаларын жүзеге асыру тәжірибесі (кем үш жыл) болуы. Бұл әлеуетті үміткер – қоғамдық ұйымдарға қойылатын талап; 
  • Өтініш берушінің журналистік зерттеу жүргізу және жариялау тәжірибесі (кемі үш жыл) болуы. Бұл әлеуетті үміткер – БАҚ редакцияларына қойылатын талап;
  • Жоба нәтижелерінің тұрақтылығы;
  • Зерттеуші журналистермен кейін де байланыста болу. 

Назар аударыңыз: бұл байқауға Қазақстан мен Тәжікстандағы қоғамдық ұйымдар және БАҚ редакциялары ғана қатыса алады. 

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Internews жүзеге асырып отырған Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында іске асады.