БайқауларБаспасөз хатшылары мен журналистерге арналған оқу сапарына қатысуға байқау басталды 

Баспасөз хатшылары мен журналистерге арналған оқу сапарына қатысуға байқау басталды 

Internews Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен журналистерге арналған оқу сапарына қатысу байқауын жариялады. 

Қазақстандағы Internews өкілдігі барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен журналистерді Еуропада өтетін оқу сапарына қатысуға шақырады. Оқу сапарының мақсаты — жұртшылықты ақпараттандыру деңгейін жақсарту үшін баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникация тәжірибесін зерттеу. Бұл сапар 2022 жылғы қыркүйектің екінші жартысында өтеді.

Делегаттар мемлекет пен қоғамның медиа, әлеуметтік желілер және тағы басқа да өзара іс-қимыл түрлері арқылы коммуникация жасау стратегиясы мен әдіс-тәсілін түсіну үшін мемлекет биліктің барлық тармақ (атқарушы, заң шығарушы және сот билігі) өкілдерімен кездеседі. Сондай-ақ, оқу сапарының бағдарламасында БАҚ редакцияларына және журналистер, баспасөз хатшылары мен коммуникация саласы мамандарын дайындайтын академиялық мекемелерге барып, кездесулер өткізу қарастырылған.

Конкурсқа қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз. 

Өтініш қабылдау 2022 жылғы 31 шілде, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де аяқталады. 

Іріктеу комиссиясы өтініштерді қарап, қандай шешім қабылдағанын 2022 жылғы 9 тамыздан кешіктермей хабарлайды. 

Өтініштерді іріктеу критерийлері: 

  • журналистика, коммуникация, PR мен GR саласында кемі 3 жыл жұмыс өтілі;
  • мемлекеттік органдар мен медианың жұмысын, олардың арасындағы тиімді коммуникацияның маңызын түсіну;
  • оқу сапары аясында алған білімі мен ақпаратты пайдаланудың жоспарланған стратегия;
  • мінездеме (журналистерге бас редактордан (редакторы) немесе медиаресурс иесінен, баспасөз хатшыларына мемлекеттік орган не бөлім басшысынан).

Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи