HomeБайқауларҚазақстанның батыс өңірлерінде офлайн өтетін гендерлік журналистика тренингіне тіркелу басталды
БайқауларҚазақстанның батыс өңірлерінде офлайн өтетін гендерлік журналистика тренингіне тіркелу басталды

Қазақстанның батыс өңірлерінде офлайн өтетін гендерлік журналистика тренингіне тіркелу басталды

Internews Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының қазақ тілінде жазатын журналистерін, медиа қызметкерлерін гендерлік журналистика тақырыбындағы тренингке шақырады. 

Тренингте: медиадағы гендерлік стереотиптер, Қазақстандағы гендерге қатысты мәселелер, тұрмыстағы зорлық-зомбылық тақырыбын этикаға хабарлау, инклюзиялы медиа қалыптастыру, оқырманға гендер тақырыбындағы материалды қызық етіп ұсыну бойынша лекциялар мен шеберлік сабақтары болады.

Тренинг 2022 жылғы 27-28 қазан күндері Ақтөбеде қазақ тілінде офлайн өтеді.

Жол, жатын орын және тамақ шығындарын ұйымдастырушылар өзі көтереді.

Гендер тақырыбында мультимедиалы материал жасап, алған білімді сіңімді ете түсу үшін тренинг аяқталғаннан кейін бір айдай ментор қолдауы қарастырылған. 

Тренингке қатысу — тегін, толтырған өтінішіңізге қарап таңдайды

Қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз. 

Өтініштер 2022 жылғы 14 қазан, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00-ге дейін қабылданады. 

Тренинг барысында кәсіби тренерлер мына машықтарды үйретеді:

  • Гендерлік таптаурындар дегеніміз не, медиа бұл таптаурындарды жоюға қалай көмектесе алады;
  • Инклюзивті, гендер-сезімтал журналистика қандай болуы керек, әйелдердің медиадағы дұрыс репрезентациясы қандай болуға тиіс;
  • Әйелдерге қарсы қылмыс жайлы ақпарат тарату кезінде және жаңалық кейіпкерлерімен өзара қарым-қатынас жасағанда этика нормаларын қалай сақтайды;
  • Гендер тақырыбындағы аудитория қызығушылығын тудыратын материалды қалай дайындайды?

Тренинг аяқталған соң гендер тақырыбында бір материал дайындап жариялауыңыз қажет. Курс аяқталғаннан кейін сапалы өнім жасауыңыз үшін 2-4 аптадай ментор қолдау көрсетеді.

Бұл тренинг америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтеді. «Медиа-агентство «Стратегические коммуникации»» ЖШС шығармашылық тобы мазмұнына жауапты жəне мазмұны USAID, АҚШ үкіметі немесе Internews көзқарасына сай келмеуі мүмкін.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img