БайқауларInternews тренингтерін ұйымдастыру мен өткізуге грант байқауы 

Internews тренингтерін ұйымдастыру мен өткізуге грант байқауы 

Internews өкілдігі MediaCAMP бағдарламасы аясында Қазақстанда серіктестер іздеп жатыр. Таңдалған өтініш берушілер журналистерге арналған тренинг ұйымдастыру мен өткізуге грант алады. Тренинг тақырыптарын Internews ұсынады. 

Білім беру саласында кемі 1 жылдық тәжірибесі бар медиа, продюсерлік компания, қоғамдық және коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды серіктес болуға шақырамыз. Білім беру, оқыту іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу тәжірибесінің болуы және тренинг тақырыбын жете түсінуі міндетті. 

Тәуелсіз қазылар алқасы жеңімпаздарды жіберген өтінішіне қарап таңдайды. 

2023 жылға Internews тренингтерінің тақырыбы: 

Жұмысын енді бастаған мамандар мен студенттерге журналистиканың негізгі машықтарын үйрететін тренинг
Тақырыбы: контент элементтері, тақырып пен лид, дереккөз, ақпарат дизайнын үйрету, журналистиканың этикалық және кәсіби стандарттары, т.б. Параллель жұмыс істейтін 15-20 адамнан құралған екі топқа (қазақ және орыс тілдеріндеі) офлайн формат. 

Тәжірибелі мамандарға журналистиканың негізгі машықтарын үйрететін тренинг
Тақырыбы: деректерді визуализация жасау тәсілдері, командамен жұмыс істеуге арналған визуал коммуникацияның түрлері, әдістер мен құралдар, практикалық сабақтар және т.б. Өңірлерден қатысушыларды тарта отырып, ашық телефон қоңырауы арқылы таңдалған 20-25 адамнан құралған топтарға онлайн формат. Тренинг қазақ және орыс тілдерінде өтеді. 

Телеграмда медиа жүргізу. Құралдар, мүмкіндіктер мен ілгерілету. 
Тақырыбы: Телеграмда жұмыс істеуге арналған құралдар, ілгерілету мен монетизация жасау мүмкіндіктері, аудиторияны ұлғайтудың алгоритмі және аудиториямен өзара іс-қимыл жасауға арналған құралдар. Қазақстан өңірлері мен түрлі қаладан жинақталған 30-50 адамдық топқа онлайн формат. Тренингтен кейін Телеграм мессенджерінде контент жасау мен ілгерілету бойынша тәлімгер қолдауын қамтамасыз ету керек. 

Әлеуметтік желілерде медианың жұмысын жүргізу мен ілгерілету
Тақырыбы: түрлі әлеуметтік желіде медианың жұмысын жүргізу құралдары, ілгерілету, монетизация, аудитория ауқымын ұлғайту тәсілдері және т.с.с. 20-25 қатысушыға онлайн формат. Тренинг нәтижесінде медианың сол таңдаған әлеуметтік желідегі жұмыс сапасы жақсарып, аудиториясы көбеюі не бұрын әлеуметтік желіде жұмыс істемеген болса онда әлеуметтік желіде жұмысын жүргізе бастауы шарт. 

Барлық тренинг 2023 жылғы көктем-жазда өтеді. Өтініш жіберу үшін сілтемені ашыңыз. Қай тренингті өткізгіңіз келсе, сол бойынша бөлек-бөлек өтініш толтырыңыз.

 

Өтініш қабылдау 2023 жылғы 13 қаңтар, сағат 20:00-де аяқталады. Қорытындысын 2023 жылғы 23 қаңтардан кешіктірмей жариялайды.

Қандай да бір сұрақ туындаса, мына эл.поштаға жазыңыз: kz-info@internews.org

Бұл грант байқауы Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауы арқасында мүмкін болып, USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи