ОқиғаларАзаматтық журналистермен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабағы өтеді

Азаматтық журналистермен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабағы өтеді

2023 жылғы 3 сәуір, сағат 16:00-де Азаматтық журналистермен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабағы өтеді. Шеберлік сабағы қазақ тілінде болады. 

Internews ұйымы бес жылдан бері «Азаматтық журналистер» жобасын жүзеге асырып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Тәжікстанның 30-дан астам редакция жобаға серіктес болды. 230-ға жуық азаматтық журналист екі елдің түрлі өңірінен 1270-тен астам репортаж дайындады.

Бұл репортаждар ең шалғай елдімекендердегі бірегей оқиғаларды қамтып, медиаға жаңа аудитория тартып, белгілі бір қауымдастықтардың өмірін жақсартуға қосымша мүмкіндік береді. 

Шеберлік сабағында жоба серіктестері – minber.kz және tilshi.kz порталының кураторлары Қазақстанда азаматтық журналистер қосынын құру және басқару тәжірибесін бөлісіп, сұрақтарға жауап береді. 

Шеберлік сабағына қатысу – тегін. Сілтемеге өтіп, тіркелсеңіз, электронды поштаңызға кездесудің Zoom сілтемесін жібереміз. 

Тіркелу үшін мына өтінішті толтыра қалыңыз.

Бұл шеберлік сабағы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтіп жатыр.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи