Internews Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында парламент ашықтығының мәселелері бойынша халықаралық оқу сапарын (стади-тур) ұйымдастыруға тендер жариялады. Өтініш қабылдау 2023 жылғы 30 сәуір, Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады.
Ұлттық парламент — демократиялық мемлекеттегі тежемелі тепе-теңдік жүйесінің негізгі элементі. Біз парламент, қоғам мен БАҚ-тың ақпараттық өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ адам құқықтары мен демократиялық құндылықтарды қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеп-зерделеуге үлес қосуға дайынбыз. Бұл қоғамызда коммуникацияның озық тәжірибесі мен әдіс-тәсілін, ал медиамызда – жұртшылықтың БАҚ-қа, депутаттар мен парламенттік институттарға деген сенім деңгейін арттыратын таңдаулы мүмкіндіктер мен технологияны пайдалануға септеседі.
Сондықтан Қазақстан Парламентінің өкілдері (баспасөз хатшылары) мен БАҚ қызметкерлерінің Еуропа елдеріне ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды кеңейту және коммуникацияны жақсарту бойынша оқу сапарын ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қолдаймыз.
Стади-турдың міндеттері:
- Парламент пен БАҚ арасындағы өзара тиімді іс-қимыл жасау және қоғаммен коммуникацияны қамтамасу ету бойынша тәжірибе мен заңнаманы зерттеп-зерделеу;
- Журналистер мен баспасөз хатшыларының кәсіби қауымдастықтарымен кездесіп, парламент қызметін БАҚ-та жариялау машықтарын жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу;
- Парламент пен қоғам арасындағы коммуникацияны дайындау мен жүзеге асырудың озық тәжірибесін зерттеу.
Еуропа, Балтық елдері мен Қазақстанда жұмыс істейтін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды тендерге қатысуға шақырамыз.
Мына өтініш берушілер басымдыққа ие:
- оқыту іс-шараларын, соның ішінде стади-турды жақсы ұйымдастыру тәжірибесі;
- Еуропа және Балтық елдеріндегі кәсіби медиақауымдастықтармен жұмыс істейтінін және өзара іс-қимыл жасаған тәжірибесін растайтын хат пен рекомендация.
Техникалық сипаттамасы:
- Парламент ашықтығының мәселелері бойынша стади-турдың бағдарламасын жасау, барлық қажет дайындық жұмысын жүргізіп, қабылдаушы ұйымдармен және мемлекеттік органдармен келісу.
- Парламенттің БАҚ, қоғамдық институттар және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау, сенім деңгейін арттыру, digital ортадағы коммуникацияға арналған заманауи тиімді құралдарды пайдалану тәжірибесін зерттеп-зерделеу үшін Қазақстан делегациясының (8 адамнан аспауы керек) Еуропа не Балтық елдеріне оқу сапарын ұйымдастыру.
- Оқу сапарын бекітілген бағдарламаға сәйкес өткізу. Бағдарлама стади-тур тақырыбы аясында негізгі институттармен жұмыс кездесулерді қамтуы керек.
- Стади-тудың бағдарламалық және қаржылық есебін тапсыру.
Назар аударыңыз: стади-турды 2023 жылғы маусымның соңына дейін аяқтау шарт.
Қалай өтініш береді?
Сілтемеге өтіп, жобалық өтінім мен жоба бюджетін қараңыз. Жобалық өтінім мен бюджет парағын толтырып, 2023 жылғы 30 сәуір, Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейін kz-info@internews.org электронды поштасына жіберіңіз. Хат тақырыбын «Стади-тур ұйымдастыруға тендер» деп жазыңыз.
Бұл оқу сапары америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы берген көмегімен жүзеге асып, USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтеді.