Internews Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында ҚР Парламентінің жұмысынан ақпарат тарататын журналистерге арналған оқу сапарына қатысуға байқау жариялады. Сізді Еуропа елдерінің біріне баратын оқу сапарына қатысуға шақырамыз. Оқу сапарының мақсаты — сайлаушыларды ақпараттандыру ісін жақсарту үшін парламенттің баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы коммуникацияның тиімді тәсілдерін зерттеп-зерделеу. Оқу сапары 2023 жылғы маусымның екінші жартысында болады.
Делегаттар сол елдегі парламент және мемлекеттік орган өкілдерімен кездесу өткізеді; оқу сапарының бағдарламасында БАҚ редакцияларына барып, кәсіби медиақауымдастық өкілдерімен кездесу де жоспарларған.
Байқауға қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз.
Өтініш қабылдау 2023 жылғы 30 сәуір, Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады.
Байқау комиссиясы келіп түскен өтініштерді қарап, 2023 жылғы 10 мамырдан кешіктірмей шешім қабылдап, хабардар етеді.
Өтініштерді мына критерий бойынша таңдайды:
- Қазақстан Республикасы Парламентінің бір және/немесе екі палатасына жарамды аккредитациясы болуы;
- журналистика саласында кемі 5 жылдық жұмыс тәжірибесі;
- парламент пен медиа жұмысының ерекшеліктерін және олардың арасындағы тиімді коммуникацияның маңызды екенін түсіну;
- оқу сапарында алған білім мен ақпаратты жұмыста пайдалану стратегиясы;
- бас редактордың (редактордың) немесе медиа ресурс иесінің рекомендациясы;
- парламент палаталарының жұмысы туралы жариялаған материалдарының гиперсілтемесі (кемі 5 жарияланым).
Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз.
Бұл жоба америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы берген көмегімен жүзеге асып, USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтеді.