Internews Орталық Азиядағы медианы дамыту бойынша жоба жетекшісінің орынбасары болатын маман іздестіріп жатыр. Бұл жоба аймақтағы ақпараттық кеңістіктің тұтастығын нығайтуға және халықтың жалған ақпаратты жіті қадағалауын күшейтуға септеседі. Жоба ақпараттық алаңның алуандығы мен қоғамның медиасауатын ілгерілетуге қолдау көрсетеді. Жергілікті БАҚ-тың тепе-тең, бейтарап, ішкі және халықаралық оқиғалар туралы деректерге негізделген әрі жергілікті аудиторияға өзекті материал жасауын қолдайды.
Жоба жетекшісінің орынбасары жетекшіге стратегиялық және оператив деңгейде жобаны басқарудың барлық аспектісі бойынша көмектеседі. Ол іс-шаралардың уақытылы өтуін, сапаны бақылауды және техникалық көмектің жалпы жедел жетуін, ел-елдегі және аймақтық жобаны жүзеге асыратын топтар мен іс-шаралардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Орынбасар команданың жұмысын үйлестіре отырып, жоба бойынша есеп дайындауды басқарады. Жоба жетекшісінің донормен техникалық сұрақтар бойынша коммуникация жасауына және бағдарламалар мен операцияларды басқаруына қолдау көрсетеді.
Орынбасардың жұмыс орны Алматыда (Қазақстан) немесе Душанбеде (Тәжікстан) орналасқан. Бұл жұмыс маманның релокация жасауына көмектесуді қарастырмайды. Жұмысқа алу қаржыландыру мен донордың рұқсатына байланысты болады.
Талаптар:
- Мұндай лауазымда кемі 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуын қоса алғанда кемі 7 жылдық жұмыс тәжірибесі;
- Шамалас білім дәрежесі немесе соған деңгейлес кәсіби жұмыс тәжірибесі;
- Жергілікті және аймақтағы ақпараттық экожүйені және/немесе медиасекторды терең түсінуі;
- Ағылшын тілін жетік білуі міндетті. Қазақ, тәжік, өзбек не орыс тілдерін білсе, артықшылыққа ие.
Бұл ваканция бойынша толығырақ ақпарат алып, өтініш беру үшін мына сілтемеге өте қалыңыз. Өтініштерді келіп түскен сәттен бастап қарайды, сондықтан үміткерлерге уақыт оздырмай, қатысуды ұсынамыз.