ОқиғаларMediaCAMP Award 2023 байқауының финалына Қазақстаннан кімдер өтті?

MediaCAMP Award 2023 байқауының финалына Қазақстаннан кімдер өтті?

15 қазақстандық журналист V аймақтық MediaCAMP Award 2023 байқауының финалисі атанды. Енді олар Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Өзбекстаннан қатысып жатқан әріптестерімен ақтық кезеңде бәсекеге түседі. Финалистердің жұмысын Аймақтық кезеңдегі қазылар алқасы бағалайды. Алқа құрамына әр елден кәсіби және тәуелсіз медиасарапшылар енді.

Орталық Азия журналистеріне арналған байқаудың жеңімпаздарын жазда Алматыда өтетін MediaCAMP Fest фестивалінде жариялайды.

Биыл байқаудың негізгі номинацияларына Қазақстанның түрлі өңірінен 204 жұмыс келіп түсті. Ұлттық іріктеу комиссиясы 5 номинация бойынша 15 үздік жұмысты таңдап алды:

«Жастар уақыты» номинациясы:

«Уақыт тынысы» номинациясы:

«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы:

«Жасампаздар уақыты» номинациясы:

«Жыл тақырыбы. Уақыт пен ақша» номинациясы:

Биыл финалистер қатарында өңірлік журналистер көп екені қуантты. Орал, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе мен Өскемендегі медиаресурстардың өкілдері бар. Байқауды ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы журналистік материалдардың сапасы да айтарлықтай өскенін айтады. Байқауға ұсынған материалдар қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық мәселесін тереңірек қозғап, авторлардың тапқан кейіпкері қызық әрі есте қаларлықтай болды.

Биыл алғаш рет Манана Асламазян атындағы сыйлық беріледі (белгілі медиасарапшы, ТЭФИ сыйлығының екі дүркін лауреаты, Ресей телевизиясына қосқан үлесі үшін марапатталған медиамаман, Internews-тің стратегиялық даму жөніндегі сарапшысы, MediaCAMP Award аймақтық байқауының тұрақты төрағасы болған Манана Асламазян 2022 жылғы 31 тамызда Ереванда қаза тапты). Манана Асламазян атындағы сыйлық – фестивальдің Гран-при сыйлығы. Манананың достары – халықаралық сарапшылар мен кәсіби медиамамандардан арнайы құралған қазылар алқасы “ең үздік” деп таныған материалды дайындаған журналист Гран-приді алады.

Қазақстаннан байқаудың аймақтық кезеңіне финалистерді құттықтаймыз. MediaCAMP Fest фестиваліне қатысуға шақыру үшін бәріне хабарласамыз.

Internews өкілдігі финалға өтпеген авторларға журналистикаға адалдық танытып, мықты материал дайындап және уақыт қиып байқауға үшін алғыс білдіреді.

Алдағы жазда өтетінMediaCAMP Fest Орталық Азия медиафестивалінде жүздескенше!

Бұл байқау америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауына мүмкін болды және USAID-тің қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи