ОқиғаларБесінші рет өтетін жыл сайынғы MediaCAMP Fest фестиваліне тіркелу ашылды

Бесінші рет өтетін жыл сайынғы MediaCAMP Fest фестиваліне тіркелу ашылды

Достар, қапы қалмаңыз! Бесінші рет өтетін MediaCAMP Fest фестиваліне тіркелу басталғанын қуана хабарлаймыз. Биылғы MediaCAMP Fest 1-3 шілде күндері Алматыда «КЕШЕ. БҮГІН. ЕРТЕҢ» деген ұранмен өтеді. Жергілікті және халықаралық спикерлермен бірге отырып, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстандағы медиатрендтерді, медиақауымдастық оқиғалары мен қиындықтарды талқылаймыз. 

Биылғы MediaCAMP FEST қандай тақырыптарға арналған?

Алдағы MediaCAMP FEST-тің талқылау тақырыбы Орталық Азия аймағы мен ТМД елдері аумағындағы медианың өткенін, бүгіні мен болашағын ой елегінен өткізіп, таразылауға бағытталып отыр. КСРО құрамында болған елдерге ортақ тарихымыз сана жаңаруы процессін бастан өткеріп, империялық тартылыс құрсауында ұзақ уақыт өмір сүрген халықтар санасындағы деколонизацияның маңыздылығы туралы талқылауларда жаңа бетбұрыс басталып жатыр. 

Аймақтағы медиақауымдастықтың өткені мен болашағы, бұқаралық коммуникацияда антиколониализм тренді қалай көрініс тауып жатқаны, журналист құқығын бұзу мен редакцияны басқарудағы бизнес-процесстер, жасанды интеллект пен телевизияның интернетке өтуі туралы айтамыз. 

MediaCAMP Fest алаңында 2023 жылғы медиа тұтыну мен медиасауат зерттеуінің алдын ала қорытындысын да таныстырады.

Қатысушылар контент ілгерілету мен аудитория тарту, зерттеу журналистикасы мен экономикалық журналистика және тағы басқа көптеген тақырыптарға арналған шеберлік сабақтарына кіре алады. Фестивальде Internews тарабы MediaCAMP бағдарламасының бес жылдығында жүзеге асқан үздік жобалар мен басты жетістіктерін таныстырады. Бұл жобаның барлығы қымбатты серіктестеріміз болмаса, мүлде жүзеге аспайтын еді. 

Фестивальге қалай қатысуға болады?

Фестиваль сайтында тіркелу басталды. MediaCAMP Fest есігі бәріңізге айқара ашық! Қатысу – тегін, бірақ спикерлер мен MediaCAMP Award финалистерінің ғана жол және жатын орын шығынын өтей аламыз. 

Фестивальдің онлайн трансляциясын Mediafest.asia сайтынан, Facebook-парақшамыз бен YouTube-арнамыздан көруге болады. 

Facebook | Қазақстандағы Internews өкілдігі

Youtube | Қазақстандағы Internews өкілдігі

MediaCAMP Fest дегеніміз не?

MediaCAMP Fest дегеніміз – медиадағы жетістігіміз бен проблемамызды талдап, тәжірибемізді бөлісіп, болашақ дамуымызды талқылайтын арқа-жарқа кездесу. Internews ұйымы MediaCAMP фестивалін 2019 жылдан бері өткізіп келеді. Бұған дейінгі фестивальдердің бағдарламасын және бұрынғы ашық сессиялардың видеожазбасы MediaCAMP Fest сайтында сақтаулы. 

MediaCAMP Award

Фестивальдегі басты оқиғаның бірі – MediaCAMP Award журналистика байқауының финалы. Бұл байқауды бесінші жыл қатарынан өткізіп жатырмыз. Осы байқауға өтініш қабылдап жатырмыз. Байқауда алты номинация бар. Бір не бірнешеуіне материалыңызды ұсына аласыз. Өтініш қабылдау 2023 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады. Байқау шарттары мен номинациялар тізімін оқып, өтініш жіберу үшін сілтемеге өтіңіз

Былтырғы MediaCAMP Award 2022 байқауы финалистерінің жұмысы мен байқау нәтижесін Internews сайтынан көре аласыз

Фестивальде жүздескенше! 

MediaCAMP Fest Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауына мүмкін болып, USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтеді. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасымен сай келмеуі мүмкін.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи