Қазақстандағы Internews Network өкілдігі бағдарламалар менеджері вакансиясына конкурс жариялады

0
2845

Негізгі функциясы: 

  • Жұмыс жоспарына сәйкес және директордың басшылығымен бағдарламаны жалпы басқару мен түрлі қосалқы компоненттермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • Жұмыс топтарындағы жоба қызеткерлерінің тиімді және нәтижелі жұмысын ұйымдастыру; 
  • Гранттық және басқа да медиажобалардың жұмысын үйлестіру;
  • Елдік және аймақтық іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысу;
  • Бағдарлама менеджерлерімен тұрақты түрде жоспарлау жиналыстарын өткізу;
  • Жобалық ұсыныстарды, жұмыс жоспарын, тоқсандық және жылдық есепті, қажет болғанда қысқаша анықтамаларды дайындау;
  • Бағдарламаның әсеріне мониторинг жасап, бағалауға көмектесу;
  • Логистиканы және бағдарлама менеджерінің құзыретіне кіретін басқа да мәселелерді басқару; 
  • Жергілікті және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен белсенді өзара қарым-қатынас;
  • Орталық Азияның басқа елдеріндегі бағдарламалардың аймақтық менеджерлерімен өзара қарым-қатынас; 
  • Жеке потенциалын арттыру; 
  • Қажетінше басқа да міндеттерді орындау.

Үміткерге қойылатын негізгі талап:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы және Алматы қаласында тұрғылықты тұруы; 
  • Журналистика, PR не салалас гуманитарлық пәндер бойынша жоғары білімі;
  • Ұқсас лауазымдарды кемі 5-7 жыл жұмыс өтілі; 
  • Контент өндірісі, медиасауат жайлы медиажобалар жасау тәжірибесі;
  • Гранттық жобаларды басқару тәжірибесі;
  • Халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Берілген тапсырманы жылдам әрі тиімді орындай білу;
  • Жұртшылықпен тіл табыса білу, жауапкершілігі жоғары болуы, уақыт тығыз кезде жұмыс істей алуы және шұғыл тапсырмаларды тез орындау;
  • Қазақ және орыс тілдерін еркін білу. Ағылшын тілін білгені артықшылыққа ие. 
  • Word, Excel, Powerpoint компьютерлік бағдарламаларымен жұмыс істеуі;
  • ЖК (ИП) нысанының болуы не ашуға дайын.

Үміткерлердің кәсіби қасиеттері тең түссе, бұған дейін халықаралық не жергілікті қоғамдық және медиа ұйымдарда осындай лауазымда жұмыс істегендерге басымдық беріледі. 

Егер осы бос жұмыс орны қызықтырса, онда түйіндемеңіз бен ілеспе хатыңызды «Қазақстандағы бағдарламалар менеджері вакансиясына»деп тақырыппен tgolubeva@internews.org эл.поштасына 2023 жылғы 24 қыркүйек, Астана уақытымен сағат 23:59-ға дейін жіберіңіз.  

«Internews Network» — БАҚ-ты қолдау жөніндегі халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Негізгі қызметі: 

  • бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына, контент өндірісіне, жаңа медиатехнологияларды ілгерілету мен дистрибуцияға көмектесу; 
  • жұртшылыққа медиа және ақпараттық сауаттылықты оқыту; 
  • медиа заңнамаларды жетілдіруге атсалысу және құқықтық қолдау.