«Шағын және ірі грант — 2024» контент әзірлеуге идеялар байқауының қорытындысы шықты

0
1175

Internews ұйымы CAIIA жобасы аясында ұйымдастырылған «Шағын және ірі грант — 2024» контент өндірісіне арналған гранттар байқауын қорытындылап, жеңімпаздарды жариялады. Байқау комиссиясына барлығы 269 өтініш келіп түсті. Соның ішінен 38 жоба екінші турға өтті. Қазылар алқасының құрамында белгілі медиасарапшылар мен Internews қызметкерлері бар:

  • Жұлдыз Әбділда, журналист
  • Аян Қалмұрат, Azattyq radiosy
  • Асия Акишева, медиасарапшы, Forbes.kz журналының қазақ тіліндегі нұсқасының редакторы 
  • Марат Садықов, Internews Kazakhstan
  • Ирина Медникова, Zink Network

Питчиң 15 қаңтарда болды. Қазылар алқасы жобаларды мына критерийлер бойынша бағалады: идея мен форматтың бірегейлігі, көзделген аудиториясын түсінуі, авторлардың дайын өнім қандай болатынын көре білуі, ақылға қонымды бюджет. Питчиң нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған 7 жоба жеңімпаз атанды.

Ірі грант:

  1. Әннәс Бағдат, ArtKoshe Қоғамдық қоры — «Жақтаудағы гүл» моноспектаклі
  2. Вадим Борейко, ЖК Гиперборей — «Biz birgemiz» Еженедельная программа на YouTube-канале (YouTube-тегі арнасында шығатын «Biz birgemiz» апталық бағдарламасы)

Шағын грант:

  1. Жәнібек Магаувияұлы (AFTERTUTOR ЖК) — Мифтер мен дезинформациямен күреске бағытталған онлайн-журнал
  2. Мақсат Мәлік (Arzaman ЖК) — «DEPPA podcast»
  3. Руслан Жұбаныш (Beimalim ЖК) — täuelхsız жобасы
  4. Есенгүл Кәп Minber.kz — «Тасадағы өмір» жобасы
  5. Оксана Габитова (Акулова), Vласть Media Group ЖШС — Серия статьей о проблемах паллиативной помощи в Казахстане (Қазақстандағы паллиатив көмек беру мәселелері туралы мақалалар сериясы)

Байқауға қатысушылардың бәріне алғыс айта отырып, жеңімпаздарды құттықтаймыз. Енді олар жобасын қазылар алқасының ұсыныстарына сай пысықтауы керек.

CAIIA жобасын Internews ұйымы мен серіктестері, соның ішінде Zinc Network (Ұлыбритания) мен әр елдегі жергілікті серіктестер жүзеге асырады.