Тәуелсіз комиссия 1-3 маусымда Душанбеде өтетін үш күндік MediaLab-қа Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан қатысатын 4 команданы анықтады.
Үздік атанған командалар:
- Ольга Горайдың командасы (Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан). Пропаганданың Орталық Азия халқына қалай әсер ететіні туралы материалдар топтамасы.
- Екатерина Афанасьеваның командасы (Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан). Тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы материалдар топтамасы.
- Владислав Ушаковтың командасы (Қазақстан, Қырғызстан). «Шу/Чу» деректі фильмдер сериясы.
- Ботиржон Шермухаммадтың командасы (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан).«Жажда мира, жизни и богатства» деректі фильмдер сериясы.
Таңдалған командалар маусымның басында Душанбеде өтетін MediaLab Internews іс-шарасына қатысып, үш күн бойына халықаралық сарапшылармен бірге медиажобаларының прототипін жетілдіреді. Лаборатория соңында командалар грант байқауына қатысып, идеясын іске асыруға 20 мың АҚШ долларынан 40 мың АҚШ долларына дейін грант жеңіп ала алады. Грант байқауының жеңімпаздарын тәуелсіз қазылар алқасы анықтайды.
MediaLab Internews аясында аймақтық жоба жасау мен жүзеге асыруға арналған байқау 2024 жылғы 20 наурызда басталды. Орталық Азия елдерінен барлығы 54 командалық өтінім келіп түсті. Техникалық іріктеуден (өтінімнің байқау талаптарына сай болуы) кейін 30 команда халықаралық сарапшылардың үш онлайн-тренингіне қатысты. Оларға уебинарда алған ақпаратты пайдалана отырып, жобалық өтінімдерін пысықтап, медиажобасының прототипін дайындауды ұсынды. Барлығы 25 команда бұл мүмкіндікті пайдаланып, байқауға қатысуды жалғастырды. Орталық Азияның үш елі – Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның медиасарапшылары мен редакторларынан жасақталған тәуелсіз комиссия 25 команданың арасынан үздігін таңдады.
Лабораторияның мақсаты – Орталық Азияның тәуелсіз авторлары арасындағы аймақтық ынтымақтастықты дамыту және сенімсіз деректердің құрсауындағы оқиғалар мен құбылыстар туралы сапалы контент жасау. Сондай-ақ, дискриминацияға ұшырайтын әлсіз топтар туралы айту.
Бұл Лаборатория Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы жасаған қолдауы аясында жүзеге асып отыр. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасымен сай келмеуі мүмкін.
USAID – әлемдегі маңдайалды халықаралық даму агенттігі және даму саласында нәтижелерге жеткізетін бастайтын қозғаушы күш. Агенттік туралы көбірек ақпарат алу үшін сайтына және Facebook-тегі USAID Central Asia парақшасына өтіңіз.