ОқиғаларInternews жаңа бағдарламаның жоба менеджері вакансиясына өтініш қабылдап жатыр

Internews жаңа бағдарламаның жоба менеджері вакансиясына өтініш қабылдап жатыр

Қызметі: Жоба менеджері 
Жұмыс орны: Алматы, Қазақстан
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні
Келісімшарт мерзімі: 9 ай
Өтініш қабылданады: 2024 жылғы 1 шілде, сағат 23:29-ға дейін

Internews FCDO қаржыландыратын «Growing Local Independent Media for Meaningful Engagement in the Regions» (GLIMMER) деген жаңа бағдарламаға Жоба менеджерін іздестіріп жатыр. Қазақстандағы өкілдіктің жетекшілігімен Жоба менеджері (ЖМ) жаңа жобаны басқарып, Интерньюстің Қазақстандағы басқа бағдарламаларымен үйлестіреді. Жоба менеджері жобаны белгіленген тапсырмаларға сай іске асырып, қажет болса түзету енгізуді ұсынады. ЖМ жобаның қызметкерлеріне, және сырт сарапшылар мен кеңесшілерге жетекші болады. ЖМ сапалы нәтижеге жету мен серіктестер арасындағы жұмысты үйлестіру үшін серіктес БАҚ-пен және редакцияларымен тікелей байланыс ұстайды. Жоба менеджері донорлармен негізгі байланысушы боп, елдегі басқа да халықаралық ҮЕҰ-дар қолдап жатқан бастамалармен үйлестіреді. Қазіргі таңда жобаның ұзақтығы 9 айға жалғасады. 

НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ МІНДЕТТЕРІ:

  • Жобаның барлық жұмысы тиімді, уақытылы, бюджетке сай, донорлардың және Интерньюстің саясаты мен ережелеріне сай орындалып жатқанына тұтастай бақылау жасап, қажет болған жағдайда жоба дизайнына түзету енгізу.
  • Жобаны іске асыру үшін жергілікті медиа серіктестерді тауып, олармен байланыс жасап отыру және өзара сенімді қарым-қатынасты нығайтып, олар байланысатын негізгі адам болу.
  • Жобаның әрбір бенефициарын қажетінше қолдау үшін жергілікті және халықаралық медиатренерлерді, консультанттар, сарапшылар мен менторларды іздеу, жұмысқа алу және олардың жұмыс процессін ұйымдастыру;
  • Жобаға қажет қызметкерлер алу және оларды басқару.
  • Жобаның іс-шараларын ұйымдастыруды бақылау және үйлестіру.
  • Іс-шараға қатысушылардың және консультанттар мен тренерлердің логистика мәселесін шешу.
  • Қажет болған жағдайда медиа серіктестерге контент жасау, редакция жұмысын жоспарлау және жаңалықтар бөлімін басқару жөнінде сараптамалық консультация беру.
  • Бас кеңсе мен донорға барлық іс-шара бойынша жобаның орындалу барысы туралы ай сайын ішкі есеп дайындау.
  • Бүкіл команданың жобаны іске асыруға қосып жатқан үлесін ескере отырып, тоқсан сайын жобаның орындалу барысы туралы есеп дайындау; Жобаның әсері туралы соңғы деректерді көрсету үшін команда мүшелерімен және серіктестермен тығыз байланыс жасап, барлық бағдарламаның есебін қарау және редакциялау.
  • Интерьюстің Бас кеңсесіндегі және донор ұйымдағы әріптестермен байланыста болу; Internews-тің барлық ұлттық бағдарламаларымен жобаның жұмысын үйлестіру әрі синергия болуы үшін Директормен және басқа жобалардың менеджерлерімен тығыз жұмыс істеу.
  • Жобаның жұмысы мен нәтижесін бақылау,  Бас кеңседегі әріптестердің және жоба, мониторинг пен бағалау бойынша жетекші маманның көмегімен грант алушылармен бірлесіп жұмыс істеу.
  • Жобаның тұсаукесерін ұйымдастыру, қажет материалдарды дайындау үшін мүдделі тараптармен кездесу өткізіп, соған қатысу.
  • Мүдделі тараптармен және жоба менеджерлерімен кездесу барысында қабылданған маңызды шешімдер мен іс-әрекеттердің орындалуын бақылау және құжаттау.
  • Жобаның әрбір келісілген іс-шарасы бойынша барлық құжаттаманың дұрыс жасалуын қамтамасыз ету; Жобаның барлық іс-шарасы Internews саясаты мен ережелеріне, донордың талаптарына және жергілікті заңнамаға сай болуын қамтамасыз ету.
  • Елдегі БАҚ жағдайынан хабардар болу.
  • Жобаның сын-қатері мен проблемасын бағамдау және қажет жағдайда шешім ұсыну.
  • Жобаның барлық бағыттағы қызметінде Internews-тің негізгі құндылықтарын түсінетінін көрсету және соған сай болу.
  • Негізгі міндеттерге сәйкес қажет болған жағдайда басқа да тапсырмаларды орындау.

БІЛІКТІЛІГІ

Қойылатын талаптар:

  • Жобаларды басқару бойынша кемі 7 жыл жұмыс тәжірибесі не тәуелсіз шешім қабылдау мен бюджетке жауапкершілікті талап ететін балама басқару тәжірибесі.
  • Медиаменеджмент, журналистика және коммуникация саласында жоғары білім.
  • Елдегі медианарықты білуі, әсіресе онлайн форматтағы контент өндірісі, контент тарату, аудиторияны таргеттеу процессін жете түсіну.
  • Мықты аналитикалық және жазу машығы.
  • Шебер коммуникация мен презентация жасау машығы.
  • Коммуникацияның қауіпсіз құралдарын ендіру және соны оқып-үйренуге дайын болуы.
  • Жақсы ұйымдастырушылық және детальдарға назар аудару қабілеті.
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кәсіби деңгейде еркін білу. 

Артықшылықтар:

  • FCDO саясаты мен ережесін білуі және тәжірибесі болуы;
  • Демократияны дамыту, адам құқықтары мен мемлекеттік басқару саласында жұмыс тәжірибесі;
  • БАҚ және/не БАҚ-ты дамыту саласында 3 жылдан астам жұмыс тәжірибесі; жаңалықтар бөлімінде редактор және/не менеджер ретінде жұмыс тәжірибесі болғаны аса қажет. 

Түйіндемеңізді және осы қызметті істеуге қажет талаптарға машығыңыз бен тәжірибеңіз қаншалықты сай келетінін көрсететін ілеспе хатты bmadyarova@INTERNEWS.ORG элпоштасына жолдаңыз. Хат тақырыбын «Project Manager (GLIMMER)» деп атасаңыз екен. 

Өтініштер келіп түскен сәттен бастап қаралатынын ескеріңіз. Сондықтан үміткермен әңгімелесу және жұмысқа қабылдау вакансия жабылғанға дейін боп қоюы мүмкін.

Өтініштер 2024 жылғы 1 шілде, сағат 23:29-ға дейін қабылданады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи