БайқауларМедиасауат бойынша жоба жасауға жаңа мүмкіндік! Шығармашылыққа бағытталған бастамаларды қолдайық

Медиасауат бойынша жоба жасауға жаңа мүмкіндік! Шығармашылыққа бағытталған бастамаларды қолдайық

Медиасауат бойынша жоба жасауға идея бар ма? Идеяларыңызды CAIIA Эдьютон 2025 онлайн-интенсиві аясында күтеміз! Бұл медиасауат бойынша жобаларды дамытуға бағытталған инновациялық онлайн-интенсив апталық. Эдьютон шарасы аясында медиа, ақпараттық және цифрлық сауатты арттыру бағытында білім алып қоймай, сарапшылармен және контент жасаушылармен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие боласыз. Ал ең үздік болған идеяларға қаржылық және тәлімгерлік қолдау көрсетіледі. 

Бесінші рет өткелі жатқан жобаны Internews 2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін «Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілігікке жәрдемдесу» және MediaCAMP жобалары аясында өткізді. Биыл Эдьютон CAIIA  (Орталық Азияның ақпарат тұтастығын дамытуға ықпал ету CAIIA жобасын USAID қаржыландырып, Internews жүзеге асырады) жобсының аясында өткізіледі. 

CAIIA Эдьютон 2025 бағдарламасының бас бағыты – жасанды интеллект дәуірінде медиасауатты түсіну және оны ілгерілету бойынша мәселелерді шешу. Қатысушылар менторлармен бірге осы тақырыптар бойынша пікірін ортаға салып, медиасауатты арттыруға бағытталған жаңа жобалар әзірлейді.  

Қалай қатысуға болады? 

Сіз жоба идеясын дайындап, өтінім түрінде жолдайсыз. Іріктеуден өткен командаларды 2025 жылғы 21-25 қаңтар аралығында онлайн өтетін Эдьютонға шақырамыз. Командалар интенсив курстан өтіп, жобаларын менторлармен бірге ары қарай дамытады. Ең үздік жобаларда қаржылай қолдаймыз.

Кімдер қатыса алады?  

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген тұрақты медиа, үкіметтік емес, білім беру, мәдени және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Эдьютон орыс тілінде өтеді,  қазақ, тәжік және өзбек тілдеріне ілеспе аударма болады. Өтінімдеріңізді асыға күтеміз!   

Өтінімдер мемлекеттік тілді де, ұлтаралық қатынас тілін де қолданатын аудиторияның мүддесін ескеруі керек. Сондай-ақ, жоба 6 айдан аспайтын мерзімге есептелуі тиіс. Биыл тақырыптары келесідей жобаларға басымдық беріледі:

  • Жасанды интеллекттегі медиасауат;  
  • Денсаулық саласындағы медиа-ақпараттық сауат;  
  • Қазақстанда медиа-ақпараттық сауатты мектеп пәндеріне енгізу бойынша оқу материалдарын (видеосабақтарды) дайындау;  
  • Цифрлық манипуляция, пропаганда және дезинформацияға қарсы тұру әдістерін күшейтуге арналған медиаконтентті қазақ, тәжік, өзбек және орыс тілдерінде жасау;  
  • Барлық буын, әлеуметтік осал топтар және ерекше қажеттілігі бар адамдарды медиасауат тақырыбына тарту.  

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді 2025 жылдың 13 қаңтарына дейін (еліңіздің астанасының уақытымен сағат 23:59-ға дейін) толтыруыңызды сұраймыз.  

Іріктеу нәтижесі 2025 жылдың 17 қаңтарына дейін барлық өтінім жібергендердің поштасына хабарланады.  

Басқа да сұрағыңыз бар ма?

2024 жылы 23 желтоқсанда, сағат 16:00-де (Астана уақытымен) өтетін Zoom ақпараттық сессиясына қатысыңыз. Міндетті түрде тіркеліңіз.  

Сонымен қатар, медиасауатты арттыру жобалары бойынша сұрақтарыңызды Central-Asia-Applications@internews.org,  поштасына жолдай аласыз. Хаттың тақырыбында «Эдьютон 2025» деп жазуды ұмытпаңыз.  

Эдьютон Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен дайындалды. Internews ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты, және де ол ақпарат USAID-тың, немесе АҚШ үкіметінің ұстанымына сай келмеуі мүмкін.USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын қозғаушы күш. Көбірек ақпарат алу үшін агенттіктің сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook-тегі USAID Central Asia парақшасына өтіңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи