ГранттарҚазақша контент жасауға арналған грант байқауы

Қазақша контент жасауға арналған грант байқауы

Өңірлердегі тәуелсіз ақпарат құралдарын дамытуға бағытталған GLIMMER-2 бағдарламасы аясында Internews қазақша контент жасауға арналған шағын грант байқауын жариялайды.

Бұл грант аясында Internews қазақ тіліндегі медианың қоғам сұранысы мен қызығушылығына сай келетін контент өндіріп, жариялауына қолдау көрсетеді. Шағын грант иегерлері заманауи технологиялар қолданып, әртүрлі платформаларда аймақтағы аудиторияға бағыттап сапалы контент жариялайды.

Байқаудың мақсаты — арнайы репортаждар, лонгридтер, әлеуметтік медиа жобалар, веб-деректі фильмдер, веб-сериалдар, мультимедиалы жобалар, тергеу журналистикасы және т.б. форматтағы сапалы медиа жобалар өндіруге қолдау көрсету.

Кімдер қатыса алады?

Онлайн контент әзірлеп жүрген шығармашылық топтар, тәуелсіз контент өндірушілер, блогерлер және журналистердің бейресми ұжымдары. Ұжымда кем дегенде екі адам болуы қажет. Шығармашылық топ өтініш беруден бұрын кем дегенде алты бұрын тіркелген заңды тіркелген (ЖШС, ЖК, Қор немесе тағы басқа) ұйым болуы тиіс. Аймақтардағы жобаларға немесе ұжым мүшелерінің кем дегенде бір мүшесі өңірде тұратын жобаларға басымдық беріледі.

Ең жоғарғы грант мөлшері – 3,5 миллион теңгеге дейін.

Ұзақтығы: Бес айға дейін (жобалар 2025 жылдың қыркүйектің ортасы/қазанның басында басталады деп жоспарланған). Барлық жоба 2026 жылдың ақпан айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

Өтініштер 2025 жылдың 2 қыркүйегі, дүйсенбі, сағат 18:00 дейін қабылданады.

Өтініш формасы

Қандай тақырыптарда жоба жасауға болады?

Өтініш берушілер қоғам қызығушылығын тудыратын әртүрлі тақырып бойынша жоба ұсына алады. Әрі аталған тақырыпта журналистік контент жасаудың қандай маңызы бар екенін негіздеуі қажет. Грант аясында жасалған контент қоғам үшін өзекті және аудиторияның қажеттілігімен үндессе дейміз. Мүмкін аудиторияңыз әлемдік экономикадағы өзгерістер күнделікті өмірге қалай әсер ететінін білгісі келетін шығар, көшіп-қонудың көлеңкелі тұстары, қоршаған орта мен климат (мысалы, су көздерін үнемдеу, пластикалық қалдық мәселелері т.б.) гендерлік теңдік немесе әйелдердің үнін естірту, бюджетке қоғамдық бақылау жасау, денсаулық сақтау саласы мен халық арасындағы байланыс, экономика және бизнес немесе басқа да тақырыптарға қызығатын болар. Өзіңіз және аудиторияңыз үшін маңызды тақырып таңдаңыз!

Жақсылап ойланып алыңыз. Қазақ медиасы әзірге көп тарқатып жазбаған ерекше оқиғаны немесе мәселені табуыңыз мүмкін. Біз әсіресе жас журналистерден келген идеяларды және жастарға бағытталған форматтарды көруге асықпыз.

Қандай идеялар нақты қолдау таппайды? Internews сайт жасау және таныту, көркем фильмдер, сериалдар, әлеуметтік роликтер, музыкалық клиптер мен білім беру контенті өндірісін қолдамайды.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

1-кезең – Идеяларды іріктеу

Сізден өз идеяңыздың қысқаша сипаттамасын баяндап, онлайн өтінішті толтыруыңызды сұраймыз. Тақырыпқа шектеу жоқ. Арманыңыздағы контентті жасаудан тартынбаңыз! Біз мазмұны мен форматы бойынша ерекше әрі жаңа жобалар іздейміз.

  • Өтінім берудің соңғы мерзімі:2025 жылдың 2 қыркүйегі.
  • Ең жоғарғы грант мөлшері:3,5 миллион теңге.

Internews Kazakhstan шағын грант аясында 8 жобаға дейін қолдау көрсетеді.

Ең қызықты идеялар байқаудың екінші кезеңіне өтеді.

2-кезең – Идеяны ұсыну

Үздік идеялардың авторлары арнайы питчинг сессиясына шақырылады. Оларға өз концепцияларын бес минут ішінде таныстыру мүмкіндігі беріледі. Жюри мүшелерінің алдында жобасының маңыздылығы мен іске асырылуын дәлелдеу қажет.

Презентация кезінде сізге келесі жайттарға тоқталу керек:

  • Пре-продакшн, продакшн және пост-продакшн кезеңдері;
  • Жоба аудиториясы;
  • Бюджет;
  • Контент сипаты.

Презентациядан кейін жюри мүшелері қосымша сұрақтар қойып, оны жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтуы мүмкін.

3-кезең – Қайта қарау және грант беру

Үшінші кезеңге өткен жоба авторларына өз жобаларын жетілдіруге, бюджетін реттеуге және грант өтінімі үшін құжаттарды дайындауға қосымша уақыт беріледі.

Жобаға грант беру туралы соңғы шешімді Іріктеу кеңесі келесі критерийлер негізінде қабылдайды: идеяның жаңашылдығы, мультимедиа құралдарын қолдану, мақсатты аудиторияны түсіну және тарту, журналистикадан тәжірибесінің болуы және бюджеттің ақылға қонымдылығы.

Жоба бюджетіне жалақы, фрилансерлер қаламақысын, шағын жабдықтарды сатып алу, бағдарламалық жасақтаманы жаңарту, датабазаға жазылу, жергілікті іссапарлар және контент өндіруде болуы мүмкін басқа да шығындарды қосуға болады.

Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұралуы мүмкін. Қосымша сұрақтар бойынша Central-Asia-Applications@internews.org поштасына «GLIMMER-2 шағын грант» деген тақырыппен хат жазып, хабарласыңыз.

Бұл бастамаға Ұлыбритания үкіметінің Халықаралық Даму бағдарламасы (UK International Development) қолдау көрсетіп, Internews ұйымы “Аймақтардың тыныс-тіршілігін кеңінен қамту үшін жергілікті тәуелсіз ақпарат құралдарын дамыту” жобасының екінші кезеңінің (GLIMMER 2) бір бөлігі ретінде жүзеге асырып отыр. Жоба қазақша инклюзив сторителиңді насихаттауды және аймақтардағы медианың әлеуетін арттыруды көздейді. 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи