ОқиғаларInternews Қазақстан өңірлеріндегі қазақша хабар тарататын медиаға қатысты зерттеуін жариялады

Internews Қазақстан өңірлеріндегі қазақша хабар тарататын медиаға қатысты зерттеуін жариялады

Internews ұйымы Қазақстан өңірлеріндегі қазақша хабар тарататын медианың қазіргі жағдайы туралы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеуін жариялап отыр. “Медиа жедел картасы” деп аталатын есеп нақты деректерге сүйеніп, қазақ аудиториясы қандай ақпарат іздейтінін, өңірлерге тән трендтерді және көпшілік қызығатын контент түріне шолу жасайды.

“Медиа жедел картасын” “әзірлеген медиасарапшылар – Асхат Еркімбай, Жұлдыз Әбділда және Елнұр Алимова 19 өңірлік басылымның 300 контентіне талдау жасады. Google Trends платформасындағы 700-ден астам іздеу сұранысын зерттеді, әрі өңірлік медианың 15 өкілімен терең сұхбат жүргізді.

Зерттеушілер 2024-2025 жылдардағы медиа жағдайды назарға алды. Өңірлердегі қазақ тіліндегі медиа құралдарының алдынан әлеуметтік маңызы бар күрделі тақырыптарды жеткілікті деңгейде қамтуда түрлі қиындық бар. Контент көбіне шолақ әрі үстірт келеді; журналистерге зерттеу жүргізуге не визуал форматтарда материал әзірлеуге ресурс тапшы. Аудиторияның терең журналистік материалдарға сұранысы күшті болғанымен, өңірлердегі медиалар ол қажетті толық өтей алмай отыр.
Негізгі тұжырымдар:

  • Ресурс тапшылығы: Кадр мен қаржының шектеулі болуы БАҚ-тың күрделі әлеуметтік маңызды тақырыптарды терең жариялауына кедергі келтіреді.
  • Форматтарға сұраныс: Аудитория зерттеу журналистикасы мен визуалды контентке жоғары қызығушылық танытуда, бірақ нарықта бұл бағыттар әлі де аз.
  • Танымал платформалар: Жаңалықтарды тұтынуда Instagram, Telegram, WhatsApp және YouTube көш бастап тұр.
  • Кедергілер: Негізгі қиындықтар ресми ақпаратқа қол жеткізудің қиындығымен және тұрақты қаржыландырудың жоқтығымен байланысты.
  • «Назардан тыс» аудиториялар: БАҚ ауыл тұрғындарының, жастардың, әйелдердің және мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделерін әлі де жеткілікті деңгейде қамтымай отыр.

Зерттеуің толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи