Бас бет Internews гранттары: сұрақ-жауап

Internews гранттары: сұрақ-жауап

Аймақтан қатысушылардың Алматыға келу-кету жолақысын және олардың Алматыдағы жатын орын ақысын тренинг бюджетіне қосу қажет пе?

Білім беру іс-шараларын өткізу байқауларының шарттарына сәйкес Internews медиаоқуға кең аудиторияны тартады. Тренингтер Алматыда да, Астанада да немесе Қазақстанның басқа да қалаларында өтуі мүмкін. Бәрі де тренинг мақсатының және алға қойған тапсырмаларының орындалуына байланысты анықталады. Жолақысы мен жатын орын ақысының барлық шығынын бюджетке қосу қажет.

Тренинг өтетін орынды жалдау ақысы да бюджетке кіре ма?

Білім беру аясындағы іс-шараларды өткізу барысында егер бар болса өзіңіздің тренинг-орталығыңызды және құрылғыларыңызды қолдана аласыз немесе бюджетте жалға алу ақысын қарастырасыз.

Грант бергенде алдын ала төлем қарастырылған ба?

Төлем тәртібі белгіленген тапсырмаларға, жұмыс көлеміне, бюджеттің жасалуына және іс-шаралар графигіне сәйкес әрбір келісімшарт бойынша жеке айқындалады.

Алдын ала төлемнің нақты белгіленген пайыз көрсеткіші жоқ.

Internews гранттарында еңбекақыға бөлінетін қаржының пайыздық үлес шектеу бар ма?

Субгрант бойынша жүзеге асырылатын жобаға тартылған қызметкерлердің жалақысы штат кестесіне және қатысу үлесіне (жалпы жұмыс уақытындағы жобаны орындауға жұмсалатын жұмыс уақыты) қарайғы еңбекақысына (оклад) сәйкес белгіленеді. Жалақы мөлшері жоба бойынша орындаған жұмыс көлемі және орындалған жұмыстың нарықтық бағамына сәйкес негізделуі міндетті.

Келісімшарт жасасу және ақша төлеуге қанша уақыт кетеді?

Субгрантты мақұлдау уақыты грантты алушылар тарапынан келісімшарт ресімдеуге қажетті құжаттарды ұсыну жеделдігіне, сондай-ақ Бас кеңсе мен донордың мақұлдауына тәуелді.

Өтінім және бюджет қаншалықты дұрыс құрылса, шешім шығару процессі де соншалықты тез жүреді.

Сұрағыңыз болса, [email protected] электронды поштасына хат жазыңыз.