«Орталық Азияның ақпарат тұтастығын дамытуға ықпал ету (CAIIA)» бағдарламасы

CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA CAIIA

Орталық Азия тұрғындары күнделікті өмірде сыртқы және ішкі күштер тарататын дезинформация мен сепаратизм нарративтеріне жиі тап боп жатыр. Осы орайда елдің ұлттық кімдігі мен егемендігін нығайтуға деген ұмтылыс күшейіп келеді. Қоғамға, мемлекетке және БАҚ-қа сау әрі тұрақты ақпараттық кеңістік қажет, сондықтан олар осы бағытта бірлесіп жұмыс істей алады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2023 жылғы қазан — 2028 жылғы қыркүйек. Жобаның бюджеті: 12 млн$ Жоба жүзеге асатын елдер: Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан

Internews пен оның серіктестері, соның ішінде Zinc Network, жүзеге асыратын CAIIA жобасы осы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл жоба Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның БАҚ-тарына және азаматтарына дезинформацияны тиімдірек анықтауға көмектеседі.

CAIIA жобасы жергілікті тәуелсіз БАҚ-тарға аудиторияның сұранысын дер кезінде қанағаттандыруына қолдау көрсетеді. Жоба ақпарат кеңістігінің тұтастығын және тепе-теңдігін нығайтатын ақпараттық саясатты, стратегия мен құқықтық шараларды ілгерілету жолында үкіметпен және басқа да қоғамдық институттармен бірлесіп жұмыс істейді.

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

USAID қаржыландыратын CAIIA бағдарламасы Орталық Азия тұрғындарының ақпарат кеңістігінің тұтастығы мен тепе-теңдігін нығайтуға және қоғамның дезинформацияға қарсы төзімділігін арттыруға бағытталған талпынысын қолдай отырып, мына міндеттерді орындайды:

Бірінші міндет
Жергілікті алуан түрлі әрі сапалы контенттің санын арттыру мен дезинформацияға қарсы күрес аймақ тұрғындарына маңызды ақпаратты қолжетімді ете түседі. Осылайша, олар жалған ақпаратты ажырата білетін азамат ретінде қолда бар ақпаратты тиімді пайдалана алады.

Екінші міндет
Жергілікті БАҚ Орталық Азия елдерінің ақпарат тұтастығын нығайту мақсатында, жергілікті аудитория үшін маңызды елішілік және халықаралық оқиғалар туралы теңдестірілген, бейтарап әрі фактілерге негізделген контент дайындайды.

Үшінші міндет
Орталық Азия елдері аймақтың ақпарат тұтастығын нығайтатын ақпараттық саясатын, стратегияларын және құқықтық шараларын жақсартады.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Орталық Азиядағы білім, БАҚ және дезинформацияның деректер қорын жасау: CAIIA жергілікті дезинформацияның таралу картасын жасайды; жергілікті аудиторияның контент тұтыну әдеттері мен дезинформацияға қарсы әлсіз тұстарын анықтайды; сондай-ақ, жергілікті тілдерде білім беру бағдарламалары мен контент жасауды дамыту жолдарын анықтайды. Бұл әрекеттер аудиторияның сұранысын жақсырақ қанағаттандыратын медиа кеңістіктің қалыптасуына ықпал етеді.

Дезинформацияға сенімді балама болатын жергілікті контент жасауға баулу мен оны таратуды қолдау: Орталық Азия тұрғындары өз отандастары дайындаған және өз тілдерінде жасалған контентке бұрынғыдан да көбірек қызығушылық танытып отыр. CAIIA сарапшыларды жинап, аймақтағы қазақ, тәжік, өзбек және басқа да ұлттар мен диаспоралардың тілдерінің цифрлық әлемде қалай дамып жатқанын талдайды. Жоба ұлттық тілдерде контент жасаушыларды қолдап, тренерлерді оқытып, кәсіби медиамамандар мен сарапшылардың ұлттық тілдердің болашағы мен өздері жасайтын әрі тұтынатын контенттің болашағын талқылайтын кеңістіктер ұйымдастырады.

Сенімді әрі маңызды ақпаратты мейлінше кең аудиторияға жеткізіп, аудиторияны көбірек қамту үшін түрлі контентті таратуды қолдау: БАҚ жаңа форматтарды енгізіп, журналистика стандарттарын жетілдіріп, аз айтылатын тақырыптарды қозғау арқылы аудиториямен және жарнама берушілермен жұмысын күшейтуді мақсат етеді. Бұл – маңызды. CAIIA осы бағытта шеберлік сабақтарын, тренингтер мен менторлық бағдарламалар ұйымдастырады. Мұндай іс-шаралар аймақтағы журналистердің іскерлік байланыстарын нығайтуға және шығармашылық адамдардың бірігіп, түрлі елдердің аудиториясына арналған ортақ жобалар жасауына көмектеседі.

Баспасөз бен сөз еркіндігін ілгерілетуді қолдау, дезинформацияның жүйелі деңгейде әсер етуін азайту: жобаның аймақтағы азаматтық қоғаммен және мемлекеттік институттармен ынтымақтастығы CAIIA-ның БАҚ пен қоғамның заң шығарушылармен өзара қарым-қатынасын жақсартуына көмектесіп, жүзеге асырылып жатқан реформаларға азаматтардың қатысуын арттыруға көмектеседі. Бұған дейін жүзеге асырылған бағдарламалар мен орнаған іскерлік қарым-қатынастарға сүйене отырып, CAIIA құқықтық реформалар және заң жобалары саласында жұмыс істейтін ұйымдарды қолдайды. Сонымен қатар, CAIIA жұртшылықтың медиасауатын арттыру және дезинформацияға қарсы күрес машықтарын дамыту бойынша әр елдің ұлттық стратегияларын жасау талпынысын қолдайды.