Гранттар«Шағын грант. Қысқы маусым 2021» контент өндірісі байқауына өтініш қабылдау басталды

«Шағын грант. Қысқы маусым 2021» контент өндірісі байқауына өтініш қабылдау басталды

Internews Орталық Азияда «Шағын грант. Қысқы маусым» контент әзірлеу бойынша идеялар байқауын жариялады.

Байқауға өтініш қабылдаудың соңғы күні: 13 желтоқсан, 2020 жыл.

Бұл байқау қысқа мерзімде ерекше идеяға негізделген шағын жобасын жүзеге асырғысы келетін авторлар тобына арналады. 

Қандай жоба болуы мүмкін? Дәстүрлі форматтағы: лонгрид, мақалалар топтамасы, бір немесе бірнеше арнайы репортаждар, соның ішінде бейнероликтер, анимациялар, карикатуралар және т.б. Бұдан бөлек, мұнда аталмаған басқа да форматта, мәселен, шығармашылық, арт, азаматтық белсенділікке бағытталған эксперименталды контент жобалар ұсына аласыз. Мұндай идеяларды тек онлайн кеңістікте ғана емес, офлайн-кеңістікте де (көрмелер, арт-кампаниялар және т.б.) жүзеге асыруға болады.

Жоғарыда бірнеше мысал келтірдік. Алайда мұнымен шектелмей, кез-келген жанр мен форматты таңдай аласыз. Идеяңызды ұсыныңыз!

Шабытыңызға ерік беріңіз, ойлап табыңыз, армандаңыз! Бастысы әлеуметтік маңызға ие, көпшілікке айтар ойы бар медиаконтент болуы тиіс екенін есте сақтаңыз! 

Қандай тақырыптар ұсынуға болады? Шектеу жоқ — сізге маңызды және сұранысқа ие болып көрінетін кез-келген тақырыпты таңдаңыз. Мынадай тақырыптарды да қолдаймыз:

  • денсаулық сақтау (осы салаға коронавирус әсері, медицина қызметкерлерінің, пациенттердің құқықтары және медицина саласындағы бюджет ашықтығы мәселелерін ушықтыруы);
  • шағын және орта бизнес (Кәсіпкерлерге COVID-19 әсері, пандемия кезеңінде олардың қоғам қолдауына мұқтаж әлсіз топқа айналуы);
  • әйелдер құқығы;
  • жастардың құқықтары (әсіресе, егер мұндай жобаны жастардың өзі жасаса).

Мұндай жоба қанша уақытқа созылады? 1 айдан 6 айға дейін.

«Шағын грант. Қысқы маусым» байқауына кімдер қатыса алады? Мемлекеттік емес медиа, онлайн басылымдар, газеттер мен журналдар, шағын телекомпаниялар, радиостанциялар, продакшн-студиялар, тәуелсіз авторлар, журналистер, блогерлер, суретшілер, белсенділер және Қазақстан, Тәжікстанның басқа да шығармашылық топтары қатыса алады.

Ескерту: Өтінішті заңды тұлға (ЖШС, ЖК, қоғамдық қор немесе басқа) ретінде тіркелген медиа, сондай-ақ жай авторлар да береді.

Контент қай тілде болуы мүмкін? Қазақ, тәжік және/немесе орыс тілдерінде.   

Команда жоба үшін қандай сома сұратуы мүмкін? 

Қазақстан немесе Тәжікстанда бір жоба $500 — дан $5000-ға дейін ала алады. Мәлімделген бюджет нақты және негізделген болуы керек.

Жекелеген авторлар (жеке тұлғалар) сонымен қатар $500 дейінгі көлемдегі стипендияға да өтініш бере алады. Стипендияға ұсынылған бюджет те нақты және негізделген болуы тиіс.

Іріктеу қалай өтеді? «Шағын грант. Қысқы маусым» байқауы үш кезеңде өтеді:

 1 тур — идеялар ұсыну

Тақырыпқа ешқандай шектеу жоқ, бірақ нақты әлеуметтік топқа бағытталуы маңызды. Мазмұны мен форматы қызықты, шабыттандыратын ұсыныстар күтеміз.

Жобаңызды конкурсқа жіберу үшін 2020 жылдың 13 желтоқсанына дейін онлайн өтінішті  толтыру қажет.

Егер стипендия алуға өтініш беріп жатсаңыз, өтініште атап өтіңіз.

Бір команда бірнеше идея ұсына алады. Бірақ әр жобаға жеке өтініш толтырып, жіберу қажет.

Ең қызықты идеялар екінші турға өтеді. Internews командасы іріктеуден өткен үміткерлер тізімін 21-22 желтоқсанға дейін әзірлейді. 

2 тур — идеяларды таныстыру  

Іріктелген жоба авторлары арнайы питчинг-сессияға шақырылып, жоба тұжырымдамасының өзектілігі мен орындалуының шынайылығын дәлелдей отырып, бес минут ішінде кез келген формада таныстыра алады. Оларды тәуелсіз медиа-сарапшылар мен Internews қызметкерлерінен жасақталған арнайы байқау комиссиясы тыңдайды.

Питчинг-сессияда қазылар алқасына мыналарды көрсету керек:

  • шығарманың егжей-тегжейі;
  • жоба аудиториясы;
  • бюджеті;
  • дайын өнім қандай боларын;

Екінші турға өткен авторларға презентация шақыртуын бөлек жібереміз. Жобаны қорғауға дайындық кезінде мына формуланы есте ұстаңыз: қызық тақырып + сәтті формат + аудиторияны түсіну = жақсы жоба.

Стипендияға өтініш берушілерге де тура сондай талаптар қойылады: тақырып өзектілігі, сәтті формат, мультимедиа және жоғарыда аталған талаптар. Қазақстан мен Тәжікстанда әр елге алты стипендиядан беріледі, яғни екі елге барлығы 12 стипендия көзделген. Презентациядан кейін комиссия мүшелері нақтылау сұрақтарын қоюы мүмкін, жоба идеясын жақсартатын ұсыныстар бере алады.

Биыл питчинг онлайн өтеді. 2020 жылдың 30 желтоқсанына дейін өткізіледі.

Айта кетейік, питчинг нәтижесін презентация күні айтпайды. «Шағын грант. Қысқы маусым»  байқауының жеңімпаздары 2021 жылдың басында жарияланады.

3 тур — құжаттарды пысықтау және ресімдеу

Питчинг нәтижесінде мақұлданған жоба авторларына жобаны пысықтап, бюджетін жасап және қажет құжаттарын ресімдеуге 2 апта уақыт беріледі.

Комиссия контент-жобаларды қаржыландыру бойынша түпкілікті шешімді мына критерийлер негізінде қабылдайды: идея мен формат бірегейлігі, мақсатты аудиториясын түсінуі, дайын өнім қандай болатынын көре білуі және ақылға қонымды бюджет.

Егер конкурста жеңіске жетсеңіз, жабдықты сатып алу/жалға алу, сондай-ақ лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы немесе мультимедиа құралдарын сатып алуды бюджетке қосуға болады.

Internews қажет болған жағдайда жобаға кеңесшілер тартуға көмектеседі. Мысалы, «YouTube контентті таныту бойынша біліміңіз жеткіліксіз» деп ойласаңыз, арнайы маман көмегі қажет екенін айта аласыз.    

Қандай идеялар нақты қолдау таппайды? Internews сайт жасау және таныту, көркем фильмдер, сериалдар, әлеуметтік роликтер мен музыкалық клиптер өндірісін қолдамайды. «Шағын формат» конкурсы шеңберінде институционалды қолдау (бұған, мысалы, кеңсені жалға алу және басқа да осындай шығындарды жатқызуға болады) көрсетілмейді.

Internews контент өндірісін неліктен қаржыландырады? Орталық Азиядағы медиа заманауи технологияларды қолданып, аудиторияны қатыстыра отырып, ел өмірінің ең өзекті қырларын, мәселелері, жетістіктері мен кейіпкерлері туралы кәсіби тұрғыда әңгімелегенін, баяндағанын қолдаймыз. Байқау мақсаты — сапалы телевизиялық бағдарламалар, арнайы репортаждар, деректі фильмдер, лонгридтер, әлеуметтік желілердегі жобалар, подкасттар, web-доктар, web-сериалдар, мультимедиа оқиғалар, журналистік зерттеулер және т.б. жасауды қолдау.

Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбына «Шағын грант. Қысқы маусым» байқауы бойынша сұрақ» деп көрсетіңіз.

Егер үлкен бюджетке негізделген ауқымды әрі ұзақмерзімді жоба жасамақ болсаңыз, «Шағын грант» конкурсына қатыспаңыз. Арнайы осындай идеяларға арналған бөлек «Ірі грант» байқауын бастадық. Өтініш қабылданып жатыр (2020 жылғы 18 желтоқсанға дейін). Соған қатысу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Сонымен қатар, 2021 жыл басында біз осындай идеялар жәрмеңкесін — «Шағын грант. Жазғы маусым» өткіземіз. Егер жобаңызды пысықтауға уақыт қажет болса, келесі конкурсқа қатыса аласыз.

2020-2021 жылдары Internews контент өндірісін қалай қолдайтыны туралы толығырақ мына мақаладан оқыңыз.  

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи